Жолдау халықтың көптен күткен жаңа өзгерістерін жариялады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев  Қазақстан халқына биылғы Жолдауы барысында халықтың биліктен не күтіп отырғанын айтты. «Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі өз міндетін табысты атқарды. Енді оның орнына құрамы жағынан ауқымды Ұлттық құрылтай құруды ұсынамын. Жаңа құрылым Ұлттық кеңестің қызметін жалпыхалықтық деңгейде жалғастырады», – деді.

Сонымен қатар «Жаңадан құрылатын облыстардың Абай, Ұлытау, Жетісу деп аталуында ерекше мән бар. Бұл ұланғайыр жеріміздің байырғы атауларын, ұлы тұлғаларымыздың есімін ұрпақ санасында жаңғырта беретініміздің белгісі болмақ. Тарих – таразы, әділдік түбінде жеңерін ел қашанда біледі… Жолдау еліміздің көптен күткен жаңа өзгерістерін жариялады.

«Біз бұл өзгерістерді жұртқа жақсы көріну үшін жасамаймыз. Қағаз бетінде ғана жүзеге асырылған, бірақ шындыққа еш жанаспайтын жалған табыстарға масаттанып отыратын заман келмеске кетті», – деді.  Президенттің бұл кемеңгер ойын барлық қазақстандықтар түсініп, қолдайды деген сенімдемін. Бір Тудың астына бірігіп, Жаңа Қазақстанды бірге құрайық!!!

Жандарбек Ермекұлы ИМАНЧИЕВ,
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік
университетінің педагогика факультеті
деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,
PhD доктор

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий