Қазақстан, Грузия және Армения ғалымдары суды зарарсыздандыру бойынша бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізді

Шымкент қаласындағы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ғалымдарына Халықаралық ғылыми-техникалық орталығының гранты ұсынылды. Ғалымдар грузин тарапының ұсынысы бойынша И.Жавахишвили атындағы Тбилиси мемлекеттік университетіндегі, Армения ұлттық аграрлық университетіндегі әріптестерімен бірге суды тазарту және зарарсыздандыру үшін бактерицидтік цеолит сүзгілерін әзірлеп жатыр, – деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстандық ғалымдар тобының жетекшісі – ғылым, техника және білім саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, техника ғылымдарының докторы, профессор Нағима Жақыпбекова. Ол бірнеше жылдан бері цеолиттерді зерттеумен айналысып келеді. Грант үш жылға беріледі. Жоба аясында ғалымдар Грузия, Қазақстан және Армения кен орындарындағы цеолиттердің суды тазарту мен зарарсыздандыруға әсерін зерттейді.
Осылайша, үш ел ғалымдарының бірлескен ынтымақтастығы мен күш-жігері өмір беретін ылғалдың сапасы мен қауіпсіздігі мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Айта кетейік, АҚШ, Жапония, Австралия, Швеция, Греция және Болгария ғалымдары серіктес, яғни кеңесшілер ретінде ақысыз қатысады. Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде жаңа цеолитті бактерицидтік сүзгілерді алу әдістері әзірленеді деп күтіліп отыр.
Сонымен бірге минералды термиялық өңдеу бұл металдарды сулы ортаға шығармайтын құрамында металл бар цеолиттерді алуға мүмкіндік береді. Одан бөлек, ғалымдар бактерицидтік белсенділігі жоғары биоактивті бейметалл минералдар алуды жоспарлап отыр. Жобаның нәтижелері әртүрлі мақсаттағы цеолит материалдарын шығаратын кәсіпорын құруға негіз болады.
Айта кетейік, Халықаралық ғылыми-техникалық орталық (ХҒТО) – бұл Қазақстан, Армения, Тәжікстан, Қырғызстан және Грузия ғалымдары мен ЕО, Жапония, Корея Республикасы, Норвегия және АҚШ әріптестері арасында іскерлік байланыс орнататын үкіметаралық ұйым. ХҒТО гранттар бөледі және жаһандық ғылыми қауымдастыққа бірлескен бірегей жоба әзірлеу және бизнесті жүргізу үшін бірігуге көмектеседі.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий