Мамандандырылған білім беру ұйымдарына түсу үшін өтінім қабылдау жүріп жатыр

Еліміздің барлық өңірінде дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарына түсуге өтініштер қабылдау жалғасып жатыр. Оқушылар арасында конкурстық іріктеу 2022-2023 оқу жылына түсу үшін өткізіледі. Үміткерлер биылғы жылдың 1 сәуіріне дейін www.qabyldau.daryn.kz сайтында онлайн тіркеліп, құжаттарын тапсыра алады, – деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар тіркеуді көрсетілген мерзім ішінде таңдалған мамандандырылған білім беру ұйымында тікелей өтуге болады. – Арнайы білім беру ұйымдарына 5, 6, 7-сыныптар қабылданады. Ол үшін баланың ата-анасы немесе заңды өкілдері өтініш беріп, мынадай құжаттарды ұсынуы керек: оқушының туу туралы куәлігінің көшірмесін, баланың оқу орнынан анықтама және оның фотосуреті. Байқаудың өтетін күні туралы қосымша хабарлаймыз, – дейді ҚР БҒМ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тимур Нұркешов.
Емтихандар тестілеу форматында өткізіледі. Оқуға түсушілер математика, логика, оқу сауаттылығы және Қазақстан тарихы бойынша емтихан тапсырады. Конкурстық іріктеудің барлық тест тапсырмасы логикалық тапсырмаларды қамтитын оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған.
Тестілеу әр өңірдің негізгі мектептерінде өткізіледі. Талапкерлерді мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау ең жоғары балл санына қарай жүзеге асырылады. Мамандандырылған білім беру ұйымдарына қабылдау туралы толық ақпарат www.qabyldau.daryn.kz сайтында орналастырылған.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий