“Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығы ibilim.kz онлайн олимпиадасының ұйымдастырушысы емес

ҚР БҒМ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ibilim.kz онлайн олимпиадасының ұйымдастырушысы емес және бұл олимпиаданы ұйымдастыру мен өткізуге еш қатысы жоқ. Мұндай деңгейдегі олимпиадаларды жеке тұлғалар ұйымдастырады, – деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін министрлік бірнеше рет жеке олимпиадаларға қатыспауға кеңес берген болатын. Сонымен қатар олар ақылы негізде өткізіледі. Сіздерді мұқият болуға шақырамыз. «Дарын» РҒПО ҚР Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 бұйрығымен бекітілген Тізбеге енгізілген іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге жауапты екенін еске саламыз. Сондай-ақ олардың барлығы тегін өткізіледі. Тізіммен мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1100007355

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий