Мектептегі математикалық білім беру: жағдайы, проблемалар, ұсыныстар

Нұр-Сұлтан қаласындағы білім басқармасының бастамасымен  «Мектептегі математикалық білім беру: жағдайы, проблемалар, ұсыныстар» тақырыбында қалалық форум ұйымдастырылды. Негізгі мақсат – қазіргі кезеңде мектептегі математикалық білім беруді модернизациялаудың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған педагогикалық және басқару тәжірибелерін ұсыну және талқылау, педагогикалық кәсіптің беделін арттыру және математика мұғалімдері достастығын дамыту, – деп хабарлайды осы шараны ұйымдастырушылардың баспасөз қызметі.

Форум аясында: орта мектепте математиканы оқыту мазмұны, үлгілік оқу жоспары мен бағдарламасы; білім алушылардың білімін бағалау, қорытынды аттестаттау мәселесі; математика пәні бойынша олимпиадалар, конкурстар, ғылыми-жобалық зерттеулер; математика пәні мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін көтеру, дайындау, аттестаттау жағдайы, проблемалар, ұсыныстар; математика пәнінің ерекшеліктері, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы ахуал тақырыптары талқыланды.

Форумға Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, Ұлттық Евразия университет ғалымдары, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ өкілдері, РФММ, «Зерде» ММ, орта білім, ТжКБ математика пәнінің педагогтері, БАҚ және қоғамдық ұйымдар өкілдері және тағы да басқа шақырылған қонақтар қатысқан болатын. 

Сондай-ақ, шара аясында «Шығармашылық идеялардағы математика» тақырыбындағы көрме ұсынылды. Форум материалдарын http://bilim.astana.kz/ және   http://astana-modern.kz сайттарыннан қарап, танысуға және оқуға болады. 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий