Аудандық жас домбырашылар байқауы

Жаяу Мұса атындағы Баянауыл балалар өнер мектебінде «Балалар жылы» аясында және Сүгір Әлиұлының 140 жыл толуына орай Баянауыл аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық жас домбырашылар байқауы өтті. Баянауыл ауданында алғаш рет ұйымдастырылған жас домбырашылар байқауының мақсаты музыкалық білім алушыларды қолдау, шығармашылық белсенділіктері мен кәсіби шеберліктерін арттыру, жас ұрпақтың ұлт өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыруды көздейді, – деп хабарлайды осы шараны ұйымдастырушылардың баспасөз қызметі.

Бұл байқаудың басты ерекшелігі ауданымыздағы жалпы орта білім беру мектептеріндегі домбыра сыныбының оқушылары мен қосымша білім беру мектептерінде домбырада кәсіби тәрбиеленетін оқушылардың қатысуы болды. Бүгінгі байқауға Аудан Лекер НМ, Қаражар НМ, Ә.Марғұлан ОМ, Шадыра ОМ, М.Әуезов ОМ, Ш.Айманов ОМ, З.Ақышев ОМ, Ш.Шөкин ОМ және Майқайың мен Баянауыл өнер мектептерінен 53 жас домбырашылар қатысты.
Жас домбырашылар байқауында қазылар алқасының төрағасы ҚР мәдениет саласының үздігі, облыстық «Музыкалық колледж-дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат, кешені» басшысы Серік Қасымханұлы Сыздықов, мүшелері Республикалық байқаулардың лауреаты, «Музыкалық колледж-дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп- интернат, кешені» қазақ халық аспаптар бөлімінің меңгерушісі Өркен Қайыргелдіқызы, «Музыкалық колледж-дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат, кешені» көркемдік жетекшісі, домбыра класының ұстазы Мәди Құрманғазыұлы Тулев төрелік жасады.

Жас домбырашылар байқауына қатысушылар жастық санаттары бойынша: кіші (7-10 жас) және үлкен (11-15 жас) топқа бөлініп бәсекеге түсті. Өнер мектебі мен жалпы орта білім беретін мектептерінен келген жас күйшілерге қойылатын талап екі бөлек. Өнер мектебінен қатысатын кіші және үлкен топта өнер көрсететін жас күйшілер бір төкпе және бір шертпе күй орындау міндеттелді. Ал жалпы орта білім беретін мектептерден келген кіші және үлкен топтағы күйшілерге бір күй орындау міндеттелді.
Байқау қорытындысы бойынша жалпы орта білім беретін мектептер арасындағы кіші топтан Шадыра жалпы орта білім беру мектебінен Ерасыл Қали, үлкен топтан Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының оқушысы Ақжол Қуан жүлделі I орынды жеңіп алды. Кіші топтан З.Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінен Теміржан Алияна, үлкен топтан Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатынан Айбалта Айнұр мен М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебінен Хасымбекқызы Ақсұңкар жүлделі II орынды иеленді.

Кіші топтан Қаражар жалпы негізгі білім беру мектебінен Қабиден Нұртуған, үлкен топтан Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатынан Жанатұлы Санжар, М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебінен Аманбай Гүлім және Кабдусалам Аяулым, Шадыра жалпы орта білім беру мектебінен Олжатай Айым жүлделі III орынмен марапатталды.
Дипломанттар: Ш.Шөкин атындағы № 2 жалпы орта білім беру мектебінен Совет Жансерік, Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатынан Балтабек Іңкәр, М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебінен Хуандық Гаухар, Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатынан Құрмет Ақниет, Ә.Марғұлан атындағы жалпы орта білім беру мектебінен Қасен Айнұр.

Өнер мектептерінен кіші топтан Қаратаев Жандос Майқайың балалар өнер мектебінен, үлкен топтан Дюсенаева Аянат Майқайың балалар өнер мектебінен I орын алды. Кіші топтан Майқайың балалар өнер мектебінен Мұқамедқали Махфуза және Дулатов Алдияр, үлкен топтан Жаяу Мұса атындағы Баянауыл балалар өнер мектебінен Тарасенко Алексанад және Қайыркен Диас II орынмен марапатталды.
Кіші топ Майқайың балалар өнер мектебінен Сембай Дінмұхаммед, Жаяу Мұса атындағы Баянауыл балалар өнер мектебінен Құрманғазы Мәди, үлкен топтан Майқайың балалар өнер мектебінен Темірғали Әмір және Қуатова Анель III орынды иеленді. Кіші топтан Жаяу Мұса атындағы Баянауыл балалар өнер мектебінен Әлібекова Әдемі, Егінбай Ділназ, Пәзіл Абай, Талғатбек Мәди, Әділхан Арай, Мүрсәлім Мұстафа, үлкен топтан Лукманова Айсана Майқайың балалар өнер мектебінен Дипломанттар атанды.
