Қыз еркем – өнерімен көркем

Наурыз мерекелеріне орай жатақхананың 7-8 сынып  оқушылары арасында «Қыз еркем – өнерімен көркем» атты  ойын түрінде сайыс өтті. Іс-шараның басты мақсаты: Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту; қол өнерге деген қызығушылығын арттыру.

Сайыста қыздарымыз ою ойып композиция құрса, «Жас модельер» сайысында үлкен бас орамалдардан әртүрлі киім үлгілерін шығарып,  «Дизайнерлер» бөлімінде түрлі түсті киізден қыздарға арналған әдемі сөмкелер үлгілерін жасап шығарды. Жұмыс барысында  техникалық қауіпсіздік ережелері де ұмыт қалмай, қосымша ақпарат берілді. Ең бастысы – қыздарымыз ауызбіршілікте жұмыс жасады. Бірінің білмегенін, екіншісі үйретті.

Бұл іс-шарада  ата-аналар да қалыс қалған жоқ,  әр топқа қыздарға қолдау көрсету мақсатында команда мүшесі ретінде қатысып, сайыс сонында қатысушыларға арнайы сыйлықтарын табыс етті. Бұл да ата-аналардың бала тәрбиесіне көніл бөліп, жатақхана ұжымымен бірлесе жұмыс жасайтынын көрсетеді. Топтар командалық тапсырмаларын орындап жатқан уақытта қөрермендермен де жұмыс жүргізілді.

Ұлдарымыз түйме қадау өнерлерін тамашалатты. Жұмыс сонында алынған кері байланыста ұлдарымыз бұл өнердің қаншалықты қиынға түскенің  айтып өтті. Сайыс сонында ерте заманнан келе жатқан, бірақ қазіргі заманда ұмыт болып бара жатқан қазақтын қол өнері жүн тұту, ұршық иіру өнерінен  тәрбиеші шебер сағатын  өткізді. Арнайы құралдарымен таныстырылды. Өткен іс-шара жоғары денгейінде өтті. Мерекелік атмосфера құрылды,  ата- ана  тәрбиешілер арасындағы  ауызбіршілік  арқасында оқушылар бойына тәрбиелік қасиеттер беріліп, өмірге керекті тәжірибелер берілді.

Кульжаннат Жумагазиновна КАСИМОВА,
Семей қаласындағы ФМБ НЗМ жатақхана
тәрбиешісі, Шығыс Қазақстан облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий