Елордалық мектепке Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілді

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамының қарсаңында елордасындағы сегіз мектепке қазақтың көрнекті тұлғаларының есімі берілді, – деп хабарлайды қалалық тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының баспасөз қызметі.

Салалық құрылымның жетекшісі Сәкен Есіркептің мәлімдеуінше ҚР Үкіметтің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 123 қаулысына сәйкес елордамыздағы 8 мектепке тарихи тұлғалардың есімі берілген. № 2 балалар музыка мектебіне Роза Бағланованың; № 3 балалар музыка мектебіне Ермек Серкебаевтың; № 11 мектеп-лицейге Өзбекәлі Жәнібековтің; № 49 орта мектепке Қошке Кемеңгерұлының; № 66 мектеп-лицейге Дінмұхамед Қонаевтың; № 69 мектеп-гимназияға Кемел Ақышевтың; № 77 мектеп-гимназияға Фариза Оңғарсынованың; № 83 мектеп-гимназияға Ыбырай Алтынсариннің аты ресми берілді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий