Наурыз – тарихы мен мағынасы терең, ерекше мереке

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын! Наурыз – тарихы мен мағынасы терең, ерекше мереке. Наурыз – ол жыл басы, күн мен түннің теңелетін, тіршілік әлемнің қайта түлейтін, ақтың молаятын, жарықтың ұзаратын көктем мерекесі. Бұл мейрам – достық пен бірліктің, жаңарудың, ынтымақ пен мейірімділіктің нышаны, – деп жазады ҚР Білім және ғылым министрі Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Сол себепті бұл күні жақсы тілек айтып, кешірімді болу және мейірімділік таныту өте маңызды. Құрметті достар! Баршаңызға мықты денсаулық, молшылық, татулық, әр шаңыраққа құт-береке, бақ тілеймін! Барлық игілікті істеріңіз табысты болсын! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!, – деп қорытындылаған еліміздің бас педагогы бұл құттықтау сөзінің соңын.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий