Ұлттық ойындарынан роботтардың сайысы

Ақмола облысының білім ұйымдарында Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамына арналған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылған болатын. Оның ішінде Көкшетау қаласы мектептерінің өзін өзі басқару ұйымдары да Балалар жылы аясында «Қош келдің, Әз-Наурыз!» ортақ тақырыбымен жыл басы мерекесін айрықша атап өтті, – деп хабарлайды осы аймақтағы салалық құрылымның баспасөз қызметі. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл қасиетті Наурыз мейрамының ерекшелігі Көкшетау қаласы мектептерінің оқушылары бір-біріне қонаққа барып, ортақ іс-шараны бірлесіп өткізуінде. Ұлық мерекені оқушылар ұлттық киім үлгісі мен салт-дәстүрлерді көрсету, қолөнер шеберлігін паш ету, ұлттық тағамдардың тұсаукесерін жасау, ұлттық нақышта ән айтып, би билеу, өлең оқу, ұлттық ойын түрлері бойынша сайыстар өткізу арқылы дәріптеуде.

Биылғы Наурыз мейрамының көкшетаулық балалар үшін тағы бір ерекшелігі – «Асық ату», «Қыз қуу» және «Арқан тарту» сынды ұлттық ойындардың түрлері бойынша роботтардың сайысының өтуі. Ерекше сайыстың мақсаты оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту, инженерлік дағдыларын қалыптастыру, білім берудегі робототехниканы және бағдарламалауды насихаттау болып табылады.

Аталған жарыс Көкшетау қаласының жалпы білім беретін мектеп оқушыларының және қосымша білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің қатысуымен әл-Фараби атындағы ІТ лицейде өтті. Айта кету керек, Ақмола облысының білім ұйымдарында қасиетті Наурыз мерекесін тойлауға арналған «Көрісу күні – ынтымақ пен берекенің бастауы!», «Ата-баба дәстүрі-адамгершілік негізі», «Наурыз – көктем мейрамы» сияқты тағы да басқа көптеген іс-шара ұйымдастырылды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий