Ақмола облысындағы экологиялық мұражайлар фестивалі

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығының бастамасымен дүниежүзілік Жер күніне арналған экологиялық мұражайлар фестивалі ұйымдастырылды. Іс-шара балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, педагогтардың, балалар мен олардың ата-аналарының бірлескен шығармашылығын жандандыруға ықпал етеді, – деп хабарлайды осы аймақтағы салалық құрылымның баспасөз қызметі.

Облыстық экологиялық мұражайлар фестиваліне облыстың 10 ауданы және Көкшетау, Степногорск қалаларының жалпы білім беретін мекемелері, Сандықтау ауданы Сандықтау ауылының қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау облыстық орталығы, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қатысып, облыстық экологиялық мұражайлар фестивалінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.

Бірінші орын – Атбасар қаласы №5 жалпы орта білім беретін мектебі; 2 орын – Степногорск қаласы №2 А.Байтұрсынұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі; 3 орын – Аршалы ауданы Арнасай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі; Жақсы ауданы Тарасовка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі. Сандықтау ауданының Сандықтау ауылындағы қиын өмірл жағдайындағы балаларды қолдау облыстық орталығы арнайы сыйлыққа ие болды.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында: 1 орын – Зеренді ауданы Чаглинка селосының жоғары агротехникалық колледжі; Бурабай ауданы Щучинск қаласының Щучинск қаласының жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжі және Шортанды ауданы Бозайғыр ауылының «Колледж- мектеп-интернаты»қатысқаны үшін ынталандырылды.

Облыстық экологиялық Фестиваль жеңімпаздары Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен және микроскоптар, чемодандағы зертханалар, ұйықтайтын қаптар сияқты естелік сыйлықтармен марапатталды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий