Асхат Аймағамбетов вице-министрлер мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларына тапсырмалар берді

Білім және ғылым министрі аппарат жиналысын өткізді. Асхат Аймағамбетов вице-министрлер мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларына тапсырмалар берді, – деп хабарлайды осы салалық ведомстваның баспасөз қызметі.
Күн тәртібінде нормативтік-құқықтық актілердің тақырыптары, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмалары аясындағы жаңа заңнамалық түзетулер қаралды. Сонымен қатар министр ҰБТ-ны өткізу, олимпиаданың облыстық кезеңі, осы жылы оқулықтармен қамтамасыз ету, мектеп автобустары паркін жаңарту, ҰБДҚ деректерін кезең-кезеңімен ашу, мемлекеттік мектептердің жан басына қаржыландыру кезінде түзету коэффициентін қайта қарау, 1-сыныпқа балаларды қабылдау және тағы да басқа маңызды мәселелерге қатысты тапсырмалар берді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий