Жолдау – 2022: Ұлттың бірлігі – еліміздің табысты болуының басты факторы

Әрбір Жолдау Қазақстанды дамытуға арналған қадамның қозғаушы күші. 16 наурызда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қос палатаның бірлескен отырысында, Қазақстан xалқына «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты кезекті Жолдауын жариялады. Президент жолдауы ұлыстың ұлы күні қарсаңымен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл Жолдау елімізде жаңа саяси тәртіп құрудың негізі болмақ.

«Қаңтар оқиғасы» деген атаумен тарихта қалған сындарлы сәттің өрбуі мен салдарын, себептерін арқау ету арқылы басталған Жолдау халыққа расында серпіліс, сенім сыйлады. Президент өз Жолдауында елімізді күтіп тұрған өзгерістерге тоқталып, жақын арада жүзеге асырылатын саяси реформалар мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттерін іске асыруға бағытталған жоспарларымен таныстырды.

Әлемде болып жатқан геосаяси оқиғалардың әсерінен туындаған кризистік жағдайлар ел экономикасына, әлеуетіне қауіп төндірмеуі тиістігін ескертіп, қуатты ел құрудың негізгі бағыттарын атады. Атап айтқанда ішкі саяси мәселелер, электронды сайлау технологияларын енгізу, ұлттық құрылтай құру, Конституциялық сот құру, Мәжілістегі депутаттық орынның жалпы санын қысқарту, бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау,

Ұланғайыр жеріміздің байырғы атауларын, ұлы тұлғаларымыздың есімін ұрпақ санасында жаңғырту, халықты әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері қамтылды. «Бұл Жолдауды іске асыру үшін Конституцияға 30-дан астам өзгеріс енгізу қажет»,- деп атап өтті Президент. Биылғы жолдау әкімшілік-аумақтық өзгерістерге алып келетін негізгі айшықты ойлармен де ерекшеленді.

Тарихи тамырға сүйене отырып, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарын екіге бөліп, Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарын құру туралы шешімі – халық күткен, көңілге қонымды іс болғалы тұр. Бұл – тек дәстүрлі сабақтастығымызды сақтау ғана емес, сол аумақтағы халықтың бүгінгі тұрмысына да айтарлықтай оң өзгеріс алып келері анық. Жаңа Қазақстанды құруға атсалысу – халқымызға ортақ міндет.

Жолдау ең алдымен қазақ мемлекеттілігінің саяси жүйесінің жаңа, әрі сара жолын сипаттады. «Реформалардың жаңа бағдарламасы нақтыланды, биліктің тармақтары жүйеленді, халықтың азаматтық қатысу белсенділігінің сипаты белгіленді. Сол арқылы Қазақстандағы жаңа саяси мәдениеттің жарқын үлгісі айшықталды деп білемін. Президент «Қағаз бетінде ғана жүзеге асырылған, бірақ шындыққа еш жанаспайтын жалған табыстарға масаттанып отыратын заман келмеске кетті» – деді.

Парламенттің рөлін күшейтіп, сайлау жүйесіне қатысты нақты өзгерістерді атап өтті. Мемлекет басшысының барлық бастамалары өзекті. Енді жаңа Қазақстанның жаңару мен жаңғыру жолында бәріміз аянбай еңбек етуіміз керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы – ел тарихындағы ерекше бастамаларға, оңды өзгерістерге толы кезеңнің бастауы болды деп санаймын.

Мен, Президенттің қазақстандықтарға айтқан өмір сүру сапасын арттыру және Ел ішіндегі тұрақтандыру идеяларын қолдаймын. Ұлттың бірлігі – еліміздің табысты болуының басты факторы. Халық “Келісім қайда болса, бақыт та сонда” деп бекер айтпаған. Біздің күшіміз – бірлікте! Осы қиын сәтте елге үміт отын ұялатқан Жолдау іске асып, болашағымыз жарқын, еліміз аман,  жұртымыз тыныш болсын!

Ардақ  Қадыржанқызы ИБРАЕВА,
Талдықорған гуманитарлық-техникалық
колледжінің  кітапхана  меңгерушісі,
бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы,
Алматы облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий