Ақпараттандыру: Рухани құндылықтардың аясын кеңейту

М.Әуезов атындағы ОҚУ Ақпараттық білім беру орталығының негізгі міндеттерінің бірі – университетте білім беруді жаңаша жетілдіру жағдайында оқу-тәрбие процесінде сапалы білім беру қызметтерін көрсетуге ыңғайлы ықпал ететін ақпараттық ортаны құру және университеттің ғылыми ізденіс қызметін қамтамасыз ету болып табылады.

АББО – оқу процесін ағылшын, орыс және қазақ тілдеріндегі оқулықтармен, оқу-әдістемелік әдебиеттермен, ғылыми басылымдармен  (монографиялар, авторефераттар, диссертациялар, ғылыми журналдар) қамтамасыз ететін,баспа кітап қоры  мен мерзімді басылымдары, CD электронды оқулықтары  және  дерекқорлары бар – электрондық кітапхана қоры бар. Кез келген модульмен жұмыс локальды есептегіш  жүйесі, сонымен бірге Интернет  желісі арқылы  да жұмыс атқарады. ЖББ ақпараттық қызмет көрсетуді цифрландыру жағдайында, кітапхана сайты http://lib.ukgu.kz. пайдаланушыларға қажетті қызметтер жиынтығын ұсынады.

Студенттерге, магистрант, доктаранттарға және ғалымдарға ақпарат беру үшін университет қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі мәліметтер базасына жазылады. Олар: отандық толықмәтінді «Эпиграф», «Аknurpress» цифрлы кітапханасы, «РМЭБ» мәлімет базаларын; шетелдік толықмәтінді «SprіngerLink»,«Scopus»,  «Полпред»,«Thomson Reuters», «ScinceDirect», «eLibrary» «Clarivate Web of Science», «ProQuest», «ЕВSСО», «Эпиграф», ашық жарияланымды ғылыми журналдардың электронды нұсқаларына, «Адам құқықтары жөніндегі цифрлық кітапхана», «Зан», «РМЭБ», «Әдебиет», “Аknurpress” цифрлық кітапхана, «Smart-kіtар», Orenu.kz – Қазақстанның ашық университеті, «Kitaр.кz» және тағы да басқа халықаралық және республикалық ресурстарға қол жеткізу мүмкіндіктері бар.

2021 жылдың наурызында әлемнің жетекші басылымдары Academic Complete ғылыми электронды кітаптардың ең үлкен жинағына кіруге рұқсат етілген ProQuest Ebook Central™ платформасында 38000 атаудағы техникалық әдебиеттер жиынтығына қол жеткізілді. АББО веб-сайты http://lib.ukgu.kz. Қызметтері: веб контентті басқару; нұсқаулықтарды құрастыру; кітапханашыдан сұра: онлайн тіркелу резервтеу қызметі: онлайн іс- шаралар: анықтамаларды өтініштерді басқару; 24/7 қашықтан қолдану; жиі қойылатын сұрақтар айдары; автоматтадырылған статистика; интерактивті жүйе; виджеттер және гаджеттер.

Кітапхананың толық мәтінді ғылыми және білім беру ресурстарына тәулік бойы, кез-келген мобильді құрылғыларда http://ef.ukgu.kz  сілтемесі бойынша, http://lib.ukgu.kz кітапхана сайтында, қашықтан оқыту порталына http://www.sdo.ukgu.kz қол жеткізе алады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде ұлтымыздың оқуға құштарлығын арттыру үшін тиісті шараларды қабылдауды тапсырды, осы берген тапсырмасына сәйкес, Білім және ғылым министрлігі «Оқуға құштар мектеп, оқуға құштар ұлт» жобасын қолға алды.

Сондықтан бүгінгі таңда жастардың кітап оқу құзыреттілігін қалыптастыру өте маңызды міндет болды. Ұлттың рухани және интеллектуалды ілгерілеуінің құралы ретіндегі оқылым іс-әрекетіне балаларды және жастарды тарту мақсатында «Оқуға құштар мектеп» Оқуға құштар ұлт  жобасының  үлесі маңызды болмақ. Кітап оқу – білім мен рухани құндылықтарды беру мен меңгерудің бір түрі ретінде, тұлғаны тәрбиелеу және білім беру адамның қоғамда табысты болуына және бәсекеге қабілеттілігінің жалпы деңгейіне әсер ететіні айқын.

Осы жоба аясында біздің жоғары оқу орнындағы ақпараттық білім беру орталығы оқуды насихаттауға бағытталған іс-шараларды  қолға алып, жүргізуде. Оқуды насихаттауға бағытталған іс-шаралар. «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап». Кітап күні-«Менің сүйікті кітабым». Оқуға құштар ұлт жобасы аясында. «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы. Оқуды дамыту «Bookrossing» жобасы. «Барлығы оқуға тиіс 10 кітап». Жаңа кітап жаңа әлем.

BookDating (өзіңмен сүйікті кітабыңды ал) – түрлі тақырыптағы және бағыттағы кітаптарды талқылау бойынша тиімді, заманауи және зияткерлік алаң ұйымдастырылады. Іс-шараға әр түрлі факультеттердің студенттері, «Ақиқат» және «Достық» жастар клубының белсенділері, оқытушылар қатысады. Былтыр кітап оқуды насихаттау мақсатында университет басшылығының қолдауымен «Барлығы оқуға тиіс 10 кітап» жобасы аясында көркем әдебиет алынуда.

Тәуелсіздігіміздің 30 – жылдығына орай «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» ұсынылған. Қорытындылай келе, цифрландыру дәуірінде кітапханалардың алатын орны ерекше. Кітапхана ақпараттарды жинап, сақтаушы орын ғана емес, өз бетінше білім алуға, әр түрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеуге үйрететін, ізденіс әрекеттерін, ғылыми-зерттеу қызметін дамыта отырып, сауатты пайдаланушыны қалыптастыратын мекеме. 

Индира САУРБАЕВА,
М.Әуезов атындағы ОҚУ АББО директоры

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий