Тиімді басшының басқару стилі арқылы мектепті дамыту заман талабы
Қазіргі кезде жұртшылық арасында жаңа ғасырда білімнің жоғары сапалы және әділ болуына ықпал ету білім беру жүйесіндегі реформалардың дәлелі екендігін айтуымызға болады. Білім беру мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы «Қазақстан-2050» Стратегиясында белгіленген елдің ұзақ мерзімді мақсаттары мен даму бағыттарын ескеретін «Жаңа капитал» реформасы шеңберінде Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының бастамаларына негізделген болатын.
Сонымен қатар, білім саласында сыни тұрғысынан ойлауды, қиялды, мәдениетаралық және әлемдік сананы, шығармашылық тәсілдер мен азаматтық борышты дамытуды қоса алғанда, бай білім мен көптеген дағдылардың қалыптасуына қолдау көрсетуге тырысуда. Дегенмен, мектептер деңгейінде оқыту тиімділігін арттырып, оқушылардың білімін тереңдетуге мүмкіндік болғанда ғана, стратегиялар (тұжырымдамалар) сәтті болатыны көпшілікке мәлім.
Мақсатымыз әр балаға жоғары сапалы білім беру болу керек, ол үшін басқару қызметінің мәдениетін дамыту және мектепішілік басқаруды жетілдіруді жүйелі түрде жүргізу керектігін айқындайды. Оқыту сапасының тұрақты болуына қалай қол жеткізу керектігі әрбір мектеп басшысының заман талабына сай білім беру саясаты негізгі мәселесі болып отыр. Стратегиялық көшбасшылық құзіреттілігі тұрғысында мектеп директоры нені білу керек? Қазіргі директордың рөлі мен миссиясын түсінуі, жеке тұлғалық – қызметтік қағидаттар мен құндылықтарын бірінші кезекте білуі шарт.
Әрбір басшы өзі қабылдайтын шараларға сәйкес дамып, тереңдей береді. Мұғалімдер мен оқушылар өз міндеттерін ұйымға беріле отырып атқаруы үшін мектеп басшылары өз мектебін оның барлық мүшелері қоғамның өнегелілік мұраттарына бейімді мекеме ретінде сипаттайтындай етіп түрлендіруге тырысуы керек.
Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру курсының бағдарламасын игеру арқылы мектеп басшысы ретінде іс-тәжірбие барысында және мектепті дамыту және мектеп тәжірибесіне өзгеріс енгізу өзімнен бастау алатынына, көшбасшылықтың орны ерекше екеніне мектептің жағдайына SWOT талдау жасай отырып, мектебімнің күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіптерін анықтап, мектептің даму сатысын «Біз қай жердеміз?» картасы бойынша анықтап алдым.
Атап айтсақ, сәтті жақтары: Ұжымда ынтымақтастық көшбасшылық дағдылануы, тәлімгерлік үдерістің дамуы, мұғалімдердің жаңашылдықты қолдауы жоғары екендігін көрсетеді. Сәтсіз жақтары: оқушылардың сабаққа деген белсенділігі және қызығушылығының әлсіздігі болғандығы. Мүмкіндіктері: мұғалімдер білімін жетілдіру, кәсіби дамудың артуы, оқушының, ата-ананың қолдауы, ал қауіптері: ауылды жерге жас мамандардың тұрақтамауы жаңартылған білім мазмұнынан өткен мұғалімдердің отбасылық жағдайына байланысты басқа жаққа ауысуы бар.
Және интернет желісінің әлсіздігі деген SWOT- талдауымен проблемалық аймақты анықтап алғанан соң өткен оқу жылына талдау жасалынып, мектепті басқаруда мектеп жұмысын жаңа бағытта ұйымдастырудағы мақсат-шығармашылық ізденістегі ұстаздарға қолдау көрсете отырып, қатарын толықтыру, білім беру мен оқытудың әдістемесін қазіргі талапқа сай көтеру, оқушылардың оқу жетістігі мен оқытудың сапасын арттыру.
Білім сапасын көтеруге арналған ағымдағы оқу жылының оқу –тәрбие үрдісінде үнемі бақылауға алу керектігін айта кетуіміз керек. Сонымен қатар, мұғалімдерден, оқушылар мен ата – аналардан алынған сауалнамалардың нәтижесі мектептің басымдықтарын анықтап берді. Сол сияқты мұғалімдерден екі мәрте алынған TALIS сауалнамасының қорытындысы басшылыққа алынып, осы деректердің негізінде мектептің бес жылға арналған даму кезеңдерімен даму жоспары құрылып, шығармашылық топпен талқылау нәтижесінде жоспарланды.
Мақсат айқын, міндеттері нақты болғанда ғана жоспары шынайы болатындығы, жоспарланған әр шараны SMART мақсатқа салып, жүзеге асырылуына үлкен көңіл бөлдік. Сонымен қатар, бірлесе жұмыс жасау және тәжірибе кезеңінде шаралардың жүйелі түрде жүргізілуі мұғалімдердің кәсіби құзіреттіліктерін, шеберліктерін арттыруға үлкен ықпалы бар екендігін түсіндім. Мектепті дамытуға байланысты жұмыстарды жандандырып, одан әрі жақсы нәтижеге қол жеткіземіз деп сеніммен айтуға болады.
Мектеп басшының басқару әдістері арқылы басқару сапасын назарда ұстай отырып, мектепте бөлінген көшбасшылықты қолға алып, жекелей жауапты мұғалімдер белгілеу керектігін ұқтым және басқару шынайы, қолжетімді, уақытпен өлшеулі, мақсаттары айқын болғанда нәтижелі болады және атқарылған жұмыстарымызға талдау жасау, бағалап отыру, мониторинг шығарып отыру мектеп басшысы ретінде міндетім деп ойлаймын.
Басқару құзіреттілігінде қызметкерлерді басқару және оқушылардың оқу нәтижелерін арттыру үшін мұғалімдердің кәсіби дамуына қолдау көрсету дағдылары, мектепте бөлінген көшбасшылықты іске асыру және басқару, мұғалімдерде көшбасшылық қабілеттерін дамыту дағдыларын басқару қызметінің мәдениетін дамыту үшін практика жүзінде жұмыстары белгіленіп, берілуі тиіс. Өз тәжірибемде бөлінген көшбасшылықты қолға алып, басқаруды тиімді деп санаймын.
Өйткені мектеп әкімшілігі, мектеп тренерлері, деңгелік курс мұғалімдері апта сайын бөлінген көшбасшылық бойынша саралап талдау жасалынып, іс-шаралар жоспарланады. Бұл жұмыстың оқу жылының соңында белгіленген критерийлерге сәйкес жүйелі түрде, жан-жақты, терең жүргізілгенде ғана мектептің шынайылылығы анықталып, талдаудың нәтижесі бойынша мектептің жетістіктері айқындалып, ата-ана, оқушы, мұғалімдердің ынтымақтастығын көреміз және ынталандыру жұмыстарын қалыс қалтырмау басты міндет деп санаймын.
Мектепті дамытуға жасалған жоспарды жүйелі жолға қойып, өткізілген іс – шаралар, шеберлік сыныптар, коучингтер, іс – әрекеттегі зерттеулерді өткізіп, соңынан өзгеріс тобымен талдап, әлсіз жақтарын саралап, күшті жақтарын мадақтап жұмыстар жүргізіліп, үштік қоғамдастық негізінде/мұғалім, ата – ана, оқушы/ туындаған мәселелер бойынша, ата – аналармен де ынтымақтастықты күшейту барысында қандайда оқу – тәрбие үрдісіндегі қиыншылықтарды жеңіп, білім саласындағы жетістікке жетелейтіндігі анық.
Мектебіміз шағын жинақты болғандықтан мұғалімдері 4 пән бірлестігіне топтастырылған. Мектеп бойынша әдістемелік жұмыс оқу – тәрбие үрдісін инновациялық нұсқада ұйымдастыру арқылы мұғалімдердің кәсіби деңгейін жетілдіру және педагогикалық шеберлігін дамыту мақсатынды жұмыстар атқаруда. Мектептегі әдістемелік жұмыс пән бірлестік жұмыстарын ұйымдастыру, көмек көрсету, мұғалімдердің үздіксіз білімін жетілдіруге әдістемелік көмек көрсету, ғылыми жаңалықтарды енгізе отырып, әдістемелік іс – шараларды тиімді ұйымдастыру, мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтеру.
Әрі шығармашылық іскерлігін жетілдіру, мұғалімдердің іс – тәжірибесін насихаттау мен тарату, семинарлар, әдістемелік күн, онкүндіктер мен конференциялар, педагогикалық оқулар, кәсіби байқаулар ұйымдастыру қазіргі мектеп мұғалімдерінің шығармашылық деңгейін арттыруға септігі мол деп ойлаймын. Мектеп басшысы мұғалімдерге белгілі бір еркіндік бергені жөн деп санаймын, себебі олар да қандай да бір деңгейде өз қызметін атқарады, яғни, оларға бақылау талаптарының аясында түрлі әрекет жасауға мүмкіндік беру керек.
Мұғалімдерге өздерінің кәсіби мүмкіндіктерін атқару үшін оларға нәтижелі жұмыс істеуге жағдай жасай отырып, қолдау көрсетіп, қамқорлық жасау керек. Сонда ғана педагогтар болашақта жеңіске жете алады деп сенемін. Үштілді білім беру бағдарламасы негізінде 2018-2019 оқу жылынан бастап биология және информатика пәндерінің ағылшын тілінде оқытылуы пилоттық жоба аясында үштілді білім беру бағдарламасы аясында ағылшын тілі курсынан өтіп В2 деңгеймен сертификатталған болатын.
Мақсаты: пәндік терминологияны кезең-кезеңмен оқыту арқылы (CLIL әдіснамасы) пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдістемесін қолдану. CLIL – Content and Language Integrated Learning –пән мен тілді кіріктіріп оқыту. Биология пәні 7- сыныпта, 8 – сыныпқа информатика таңдау пәнін ағылшын тілінде оқытуға арналған және мұнда компьютерді дұрыс пайдалану, кодтау, желі, электрондық кесте, формулалар, функциялар, алгоритм, Python программасы ортасында шартты, циклдік программалар құруға, білімдерін және логикалық ойлау қабілетін дамытуға, шығармашылықпен жұмыс жасауға бағытталды.
Пилоттық мектептің жұмыстық оқу жоспарына сәйкес информатика және биология пәндерін факультатив оқытуға мүмкіндік алынды. Ағылшын тілінде биология және информатика пәндерін оқытуда заманауи педагогикалық технологияларды қолданады, аталған технологияның негізгілері – тілді және пәнді кіріктіріп оқыту технологиясы (CLILтехнологиясы) болып табылады. Информатика және биология пәндері бойынша болашақта шығармашылық топтың тікелей басшылық етуімен жұмыстар жүргізілуі.
Бұл бағыт бойынша шығармашылық топ мүшелері екі апта сайын өзара кездесу ұйымдастырып, күнтізбелік -тақырыпқа сәйкес тақырыптарда кездесетін терминдермен жұмыс жүргізілуде. Ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің және шығармашылық топ мүшелерінің ұсынысы негізінде мультимедиялық кабинеттерді көп пайдалану және осы жоба аясында тыңдалым жұмыстарын жетілдіру үшін ағылшын тіліндегі термин сөздерді көп тыңдату керектігі туралы ұсыныс жасалды.
Осы ұсыныс негізінде білім алушыларға күнделікті сабақ жүргізу барысында айтылым жұмыстары, оқылым дағдылары және дұрыс жазылым дағдысын қалыптастыру үшін ойын технологиясын жиі қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыра алатын боламыз. Осы негізінде «тиімді идеялар жәрмеңкесін» өткізіп, сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдерді жинақтай отырып, білім алушылар үшін қолайлы білім алу жолдарын ұсынамыз.
Қандайда бір сабақ кезінде болған қиындықтар мен кедергілерді бірлесе отырып шешу, ынтымақтастықпен жүргізілген жұмыстар нәтижелі болары анық. Басқару құзіреттілігінде неге жете назар аударуымыз керек?, – деген сауалда жеке идеалдары мен ұстанымдарының қалыптасқандығы, өзін-өзі басқару және мектепті дамытуды жоспарлау бойынша сыни шолу жүргізу дағдылары, өзін – өзі талдау дағдыларын, стратегиялық жоспарлау, мектептің өзін-өзі бағалауы, мектепті дамытуды жоспарлау дағдыларын дамытуды жоспарлауымыз керек сияқты.
Бөлінген көшбасшылық құзіреттілігін басқарып, дамытуда мектеп мәдениетіне яғни, мұғалімдер арасындағы тұрақты және жағымды өзара қарым-қатынасты, оқушылар арасындағы тұрақты және жағымды өзара қарым-қатынасқа әсер ететін факторларды түсіну, оқыту сапасының оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу нәтижелеріне байланыстылығын және оның маңызын түсінуді, жоғары деңгейдегі нәтижелерді күтуді жоспарлау технологияларын түсінуді, жағымды жұмыс ортасы мен жеке тұлғалық-кәсіби ахуал өзара байланысты дамытуды.
Мектеп туралы деректерді жинау, түсіндіру және пайдалану әдістерін түсіндіру және қолдануды басты назарда ұстау басшының ең басты міндеті деп есептеймін және тәжірбиеде қолданамын. Қазіргі мектеп – үлкен және күрделі құрылым, оның табысты қызметі сапалы білім беру үдерісі және педагогикалық ұжымның, соның ішінде басшы кадрлардың жоғары кәсіби еңбегі нәтижесінде жүзеге асырылады. Аталған қызмет мектепті дәстүрлі түрдегі іс-әрекетінен инновациялық бағытта дамуына үлкен мүмкіндіктер тудыратындығы анық екендігін айтуға болады.
Дастан Есімғалиұлы САҒЫМБАЕВ,
І. Жансүгіров атындағы орта мектебі,
мектепке дейінгі шағын орталығының
директоры, Алматы облысының Ақсу ауданы