Қазақ тіліндегі кәсіби мәтіндер

Қазіргі кезде жаңа инновациялық технологиялармен білім берудің негізгі  мақсаты – қоғамның талаптарына сай жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы бағытта соңғы жылдары қазақ тілін оқыту әдістемесінде оқыту технологияларының жаңа үлгілері, заман талабына сай әдістемелік амал-тәсілдері көптеп қолданылып жүр. Сондықтан техникалық оқу орындарында кәсіби қазақ тілін оқыту барысында студенттерді болашақ өз мамандықтарына сай қазақша кәсіби сөйлеуге үйретуде жүйелілік пен сабақтастық, бірізділікті қалыптастырудың маңызы ерекше.

Әрине, мамандыққа қатысты тілді меңгеру арнайы алынған бір мәтінді оқыту және аудартумен ғана шектеліп қалмай,мамандыққа сай мазмұн түсініктілігін қалыптастырып,мәтінге лексикалық және грамматикалық материалдардың сәйкестілігін басшылыққа аламын. Осындай жұмыстың түрлері студенттің өз мамандығы бойынша жаңа терминдерді өз жұмысында қолдана білуіне септігін тигізеді.

Ол тек қана техникалық құрал емес,сонымен бірге жаңа ақпараттық-коммуникациялық технология және білім беру жүйесіндегі сабақ жаңаша әдісі болып табылады. Ұстаз ретінде басты мақсатым – болашақ мамандыққа қатысты сөздерді қазақ тілінде үйретіп, кәсіби сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Кәсіби лексиканы мәтіннен білу, оны мәтіннен таба білу, оны мәтіннен тыс жерде қолдану – олардың іскер, жан-жақты дамыған өз мамандығын жетік меңгерген терең білімді маман тәрбиелеу.

Себебі кез-келген мамандық иесі өзі таңдаған кәсібінің қыр-сырын меңгеруге мүдделі болуы және өз ойын кәсіби сөйлеу тілінде жеткізуге ұмтылуы оның мамандыққа деген сүйіспеншілігін арттыру мәселесіне келіп тіреледі. Қорыта келгенде, колледж студенттері үшін кәсіби қазақ тілін оқып үйрену – болашақ мамандықты меңгеру құралы ғана емес, сонымен қоса кәсіби қызметтің динамикалық құбылмалы жағдайларға тез бейімделуіне мүмкіндік беретін білікті кәсіби бағдарлы қарым-қатынасты іске асыру мүмкіндігі деп білемін.

Роза ШАҒАТАЕВА,
Қостанай құрылыс колледжінің
қазақ тілі пәнінің оқытушысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий