NIS Наурыз кездесулерінде алаңға алыптар шықты

Түркістанда ұлыстың ұлы күні дәстүрлі ғылыми жобалар байқауы өтті. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің дәстүрлі Наурыз кездесулері Түркістан облысындағы барлық робототехника үйірмесіне қызығушыларды жинады, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

Олар күш пен жылдамдық, ептілік сыналатын қашықтан басқарылатын автотитандар жарысында бақ сынады. Автодром стартыңа еліміздің жеті аймағынан 30 көлік моделі шықты. Автотитандар жарысы, немесе «NIS Intel race» – елордалық физика-математика бағытындағы NIS 7-11-сынып оқушыларынан тұратын үлкен команданың еңбегі.

Жоба жетекшілерінің бірі, физика мұғалімі Нұртас Адайханның айтуынша, қызықты әрі тартымды ойынның білім бағдарламасындағы да рөлі үлкен – оқушылар STEM оқыту жүйесі негізінде білімдерін тәжірибе жүзінде іске асырады: математика пәнінен жол ұзындығы мен шеңбер диаметрінің байланысы, информатика пәнінен алгоритмдік бағдарлама құрастыру, физикадан үйкеліс күшінің табиғатын түсіну, жылдамдық пен қуат арасындағы байланыс қалыптастыру.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий