“Bilim hackathon – 2022” байқауында 107 команда үш миллион теңгеге таласты

Нұр-Сұлтанда колледждер мен университеттер студенттері арасында «BILIM Hackathon-2022» IT сайысы басталды. Оған еліміздің барлық өңірінен 107 команда қатысты. Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған жарыстың жүлде қоры 3 миллион теңгені құрайды, – деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Жеңімпаздарға 1,5 млн теңге, екінші орын иегерлеріне 1 млн теңге, үшінші орынға 500 мың теңге беріледі. Жеңімпаз студенттер қаржылай сыйлықпен қоса, Daryn online, BTS Education, EDUS және Mail.kz сияқты танымал қазақстандық IT-компанияларда жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады.

Байқау Astana IT-University базасында офлайн форматта өтіп жатыр.  Қатысушылар білім саласындағы цифрлық жобаларды құру арқылы сайысқа түседі. 24 сағат ішінде студенттер еркін немесе берілген тақырып бойынша жоба әзірлеуі керек.

– Министрлік білім және ғылым саласында жаңа IT-шешімдерді құруға бастамашылық ету және болашақ ІТ мамандарды ынталандыру мақсатында байқауды өткізіп отыр.  Сайысымызға 107 команданың қатысуы жастардың ІТ жобаларға  қызығушылығының қаншалықты жоғары екенін көрсетеді. Бұл жастар білім беру ұйымдарын таныстырып қана қоймай, сонымен бірге үздіктердің үздігі атағына таласты. Хакатонның дәстүрі бойынша қатысушылар 24 сағат ішінде жобаларын әзірлеп, қазылар алқасына ұсынуы керек еді. Ең үздік жобалар білім беру саласына енгізіледі, – деді Білім және ғылым вице-министрі Айбат Ілиясов. Байқау қорытындысы кеше шығарылып, жеңімпаздар марапатталды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий