Мектепке дейінгі білім беру педагогтарының маңызды мәселелері

Щучинск қаласындағы жоғары педагогикалық колледжінде алаңында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің педагогтеріне арналған «Заманауи мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту: үрдістер, проблемалар, перспективалар» тақырыбындағы облыстық форум офлайн-онлайн режимінде ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Форум жұмысына Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов қатысты. Іс-шараға барлығы бес жүзден астам адам шақырылған. Олар аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілері, әдіскерлері мен педагогтары және тағы да басқалар. Ұйымдастырушылардың айтуынша, форум жұмысы екі бөлімнен тұрады: пленарлық отырыс және секция жұмыстары. 

Төрт секция бойынша жұмыс ұйымдастырылады: «Мектепке дейінгі ұйымдарда педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың заманауи тәсілдері және оның мазмұны», «Сапа өлшемшарттары және менеджмент», «Ойын – баланың негізгі әрекеті және дамытудың негізгі құралы», «Мектепке дейінгі білім беру педагогтерінің кәсіби және тұлғалық өсуі».

Форум жұмысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамыту бағыттары, мектепке дейінгі білім беру педагогтерінің кәсіби және тұлғалық өсуі, мектепке дейінгі білім беру саласында мамандар даярлау, мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы және басқа да мәселелер талқыланады.

Соңында ведомство басшысы форум жұмысын қорытындылап, қажырлы еңбегі, білімі мен тәжірибесі үшін педагогтарға алғыс хаттар табыстаған соң барлығына жұмыста жеміс тіледі. Форум жұмысының қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий