Химия сабағында саралау тапсырмаларын жоспарлау
Бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесінің ең басты міңдеті – білім берудің ұлттық модуліне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жетелеу. Жалпы білім беру саласындағы жаңа саяси ұстанымның біртіндеп іске асуы егемен еліміздің өркендеу бейнесінің бір көрінісі болып табылады. Өркениетті елдермен тереземіз тең болуы үшін әлемдік білім аясына кіргізуді мақсат тұтқан еліміздің білім беру саясаты оқытуды демократияландыру, ізгілендіру арқылы жаңа сапалық деңгейге көтеруді көздейді.

Осыған байланысты білім берудегі бірыңғайлықтан бас тартып көп нұсқалы білім алу жүйесіне бет бұрған жағдайда оқушылардың топтық және жеке танымдық ерекшеліктерін ескеріп, саралап оқытуды ұйымдастыру – бүгінгі мектеп өміріндегі өзекті мәселе. Саралап оқыту әрекеті терең білім алуға бағытталған. Сабақтың әр кезеңінде саралап оқыту түрлі тапсырмалар беру арқылы оқушылардың өз бетінше тұжырым жасау.
Және қорытындыға келу, қандай деңгейде болса да қарым-қатынас жасай білу, қажет жерде өз көзқарасын өзгерту, топ алдында өз тұжырымын айта алу, ойын қорғай білу қабілетін дамытадымұғалім оқу үдерісінде маңызды болып табылатын белгілі бір ортақ ерекшеліктеріне қарай топтастырылған оқушылар тобымен (гомогенді топ) жұмыс жүргізетін оқу үдерісін ұйымдастыру түрі.

Химия және жаратылыстану пәндерін оқытудың сапасын арттыру үшін саралаудың тәсілдерін қолданамыз. Оқушының химия пәнін оқытуда академиялық ойлау және сөйлеу машығын дамыту мақсатында саралау тапсырмаларын беру ұсынылады. Сол арқылы оқушының білімі тереңдеп, белсенділігі күшейеді. Оқушылармен зертханалық, эксперименттік, демонстрациялық сабақ жүргізудегі негізгі мақсат – баланың қабілетін ашу, шығармашылығын шыңдау, ізденуге үйрету, химия пәніне деген қызығушылығын арттыру.
Саралау тапсырмалары бойынша оқушылар өзін өзі таниды, сезінеді. Оқушының қабілеті, ақылы, біліктілігі, сөздік қоры жетіледі. Оқытушы да, оқушы да шығармашылықпен жұмыс жасайды. Оқушының қабілеті, бейімділігі әртүрлі болғандықтан, олардың даму ерекшелігі де әрқалай болады. Сол себепті оқушының жан-жақты мүмкіндігін ескере отырып, саралап оқыту әдісін қолдану қажет.
Қабілеті жоғары, білім дағдылары қалыптасқан, өз бетімен ойлай алатын, сабаққа деген белсенділігі күшті топқа жүктелетін жұмыстың мақсаты – оқушы бойында химия пәнін оқытдда ғылыми бағытта ойлау қабілетін қалыптастыру. Орташа қабілетті оқушылар – білім, білік дағдылары әлі тұрақсыз, өзіне-өзі көп сене бермейтін, мұғалімнің белгілі мөлшерде көмек көрсетуін қажет ететіндер.
Мүмкіндігіне қарай мұғалім ол оқушыны ойша басқа топқа ауыстыра алады. Мұндай топтардың бар екендігі туралы оқушылар хабарсыз болуы шарт. Бірінші топтағы оқушылармен деңгейлеп жұмыс жүргізу үшін дайын сызба нұсқалары, тірек кәртішкелер үлгілері қолданылады. Оқушы өз біліміне қарай, өз деңгей сапасын біліп тапсырмалар таңдайды. Әрбір оқушыға мүмкіндік беріледі. Сабақтың соңында әрбір оқушы бағасыз кетпейді.
Жанар КОШКИМБАЕВА,
«Өрлеу» БАҰО АҚ кәсіби дамыту
институтының Жамбыл облысы
бойынша филиалы «Жаратылыстану
және гуманитаолық пәндерді оқыту
әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы