Орта мектепке жүз жыл

Қызылқоға ауданындағы іргелі оқу ошағы Х.Досмұхамедов атындағы орта мектептің құрылғанына биыл бір ғасыр толды. Тарихнамаға сай, 1922 жылы Аяпбергеннің ақ школы деген атаумен ашылған білім ошағына алғашқы жылы отыз оқушы қабылданған, – деп хабарлайды Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

Кейін 1933 жылы Қамыскөл жетіжылдық мектебі, 1952 жылы Ворошилов, 1957 жылдары Крупская орта мектебі деп аталған білім ғимаратына 1996 жылдан бастап Алаш қайраткері Халел Досмұхамедов есімі берілген. Көпжылдық білім саласындағы және ғылыми жұмыстарда тәжірибесі мол оқу орнында мыңға жуық оқушы білім алып, 108 білікті ұстаз қызмет етеді.

Сәулелі ғұмырында саналы ұрпақ тәрбиелеп, оқу-ағарту саласында қажырлы еңбек еткен ұстаздар мен аудан тұрғындары ғасырлық тойдың куәсі болды. Тарихи тұлға ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімімен басталған шара барысында жиналғандар мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық көрмелерін тамашалады. Аудан әкімі Н.Бисембиев құттықтау сөз сөйлеп ұстаздарға “Алғыс хат” табыстады.

Сонымен қатар облыстық білім басқармасы мен министрліктің «Құрмет грамотасы”, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің, аудандық маслихат хатшысының, аудандық білім бөлімінің, облыстық білім беру басқармасының “Алғыс хаттарымен” марапатталды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий