Қос қуаныштың кереметі

Облыс орталығындағы кітапханада Наурыз мейрамы мен дүние жүзілік поэзия күніне арналған арнайы іс-шара ұйымдастырылды. Бес жыл бұрын осы ұжым қызметкерлерінің бастамасымен поэзияны сүйетін, дарынды, талантты жастардан құралған «Толқын» шығармашылық студияның тұсауы кесілген болатын, – деп хабарлайды Қостанай облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

– Ұлыстың ұлы күні табиғаттың жаңаруы, жаңа жылдың, жаңа өмірдің басы. Халқымыздың дәстүріне байланысты мерекелік іс-шарамызда шашу шашылып, жас ақындарымыздың әлі сиясы кеппеген өлеңдерінің тұсауы кесіліп, әнші қыздарымыз әуелете ән салып, «Эстель» бишілер тобы теңіздей тербетіле би биледі. Домбыраның қазақ өміріндегі орны биік қой шіркін, «Жұлдыз» домбырашылар студиясының кішкентай өнерпаздарының күмбірлете тартқан күйлері аудиторияның көңілін бір көтеріп тастады.

Іс-шарамыздың соңына қарай, қонақтарымызға Наурыз көжеден дәм татқызып, караокемен ән салып керемет көңіл-күй мен тарқастық, – дейді қалалық мәдениет, тілдерді дамыту,  дене шынықтыру және спорт бөлімінің орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты Н. Островский атындағы ОҚК кітапханашылары Қанипа мен Тасбулатова мен Шынар Маканова.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий