Ортақ мақсатттағы бірлестік

Жергілікті ғылыми – тәжірибелік орталығының бастамасымен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, класс жетекшілер мен ата-аналарға арналған «Мектеп пен ата-аналар клубының өзара қарым – қатынасын жақсартудағы тиімді әдістер» тақырыбында аймақтық семинар ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Ақтөбе облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Шара барысында облыстық мамандандырылған физика – математикалық мектеп – интернаты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Есенғұл “Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстардың заманауи формалары”, М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп – интернаты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.Смадияр «Аналар мектебі – тәрбиенің алтын діңгегі», «Білім – Инновация» мектеп – лицейі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Абдуалы «Білім беру ұйымдарындағы «Әкелер клубының» маңыздылығы».

Ақтөбе қаласындағы №10 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Ельбаева «Тұлға тәрбиесіндегі отбасы мәдениетінің маңызы», облыс орталығындағы №60 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Тұрғанбаева «Заманауи мектептегі ата-аналармен жұмыс түрлерін тиімді ұйымдастыру» бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Сөз алғандар тарапынан жұмыстың жаңа формалары мен әдіс-тәсілдері ұсынылып, жаңаша ұйымдастыру жолдары көрсетілді. Қатысушылар кері байланыс жасап, ойлары мен пікірлерін ортаға салды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий