Түркиядағы тараздық түлектер
Тараз сервис және технология колледжі халықаралық әріптестік дамыту мақсатында «Open Consalting» компаниясымен серіктестік жұмыстарын жүргізуде. Серіктестіктің мақсаты колледж түлектерін жұмыспен қамту, колледж студенттерін тағылымдамадан өткізу, мамандарды біліктілігін арттыруға бағытталған, – деп хабарлайды Жамбыл облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Нәтижесінде арнаулы оқу орнының жеті түлегі Түркия елінің Анталия, Кемер, Белек, Стамбул қалаларының 5 жұлдызды қонақ үйлері желісінде аспазшы болып жұмыс жасауда. Жұмыспен қамтылған димломды жастардың қатарында Галиев Темірлан (Стамбул қаласы «Blue House Hotel 5*» қонақ үйі); Сауранбек Нияз (Белек каласында «Calista 5*» қонақ үйі); Рахимжанов Рустамжан (Кемер каласында Korumar hotel de luxe 5* қонақ үйі).
Загрузка...Егжева Кристина (Кемер каласында «Aquafantasy 5*» қонақ үйі); Ишкараева Лайло (Кемер каласында «Aquafantasy 5*» қонақ үйі) мен Байзакова Ангелина (Кемер каласында «Aquafantasy 5*» қонақ үйі) және Эшенкулов Азамат (Кемер каласында «Alva Donna 5* қонақ үйі) бар. Түркия елінде еңбек жолын бастаған түлектерімізге сәттілік тілейміз!