ҚР Президентінің 2021 жылғы Жолдауында берілген тапсырма: Айтылғандар орындалды
АЙТЫЛДЫ: – Дарынды балаларға жан-жақты қолдау көрсету қажет. Біз оларға жоғары оқу орнына түсу үшін конкурстан тыс гранттар береміз. Бір реттік ақшалай сыйақы да төлейміз. Балалардың ұстаздарын да моральдық және материалдық тұрғыдан ынталандырған жөн, – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.

ОРЫНДАЛДЫ: – Халықаралық олимпиада жеңімпаздарын ынталандыру және қолдау мақсатында алтын медаль иегерлеріне 1 500 АЕК, күміс медаль иегерлеріне 1 000 АЕК, қола жүлдегерлеріне 500 АЕК көлемінде біржолғы ақшалай сыйлық беріледі. Халықаралық пәндік олимпиадалардың, шығармашылық байқаулар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстанның жоғары оқу орындарында ҰБТ тапсырмай-ақ тегін білім алу құқығына ие болады. Халықаралық олимпиадада алтын медаль иегерін дайындаған ұстаз 150 АЕК, күміс медаль – 100 АЕК, қола медаль – 50 АЕК көлемінде сыйақы алады, – деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.