Жоғары оқу орны мұғалімдердің кәсіби өсуі процесінде тәлімгер және көмекші ретінде әрекет етуі тиіс

Наурыз айының 15-і күні елордасындағы әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында еліміздің бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш мектеп – білім мен ғылымның бастауы» тақырыбындағы съезд ұйымдастырылған еді. Бұл басқосуға  ҚР Білім және ғылым министрі Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, сондай-ақ республиканың барлық өңірлерінен 300-ден астам педагог қатысқан болатын.

Еліміздің бас педагогы бастауыш сыныптарға кадр даярлау мәселесіне көңіл аударып, бастауыш сынып мұғалімі ретінде магистратураны тәмамдаған мамандарды тарту қажеттілігіне тоқталды.

– Кадр даярлау мәселесі де өзекті. Шетел тәжірибесін қарайтын болсақ, нақты осы бастауыш мектептерге көбінесе магистр дәрежесі бар мұғалімдердің келгені маңыздырақ. Ал бізде жағдай қандай? Талдау жүргіздік. Әрине, колледждерде сапалы білім беріп жатыр. Бірақ болашақта көбінесе магистр дәрежесі бар мамандарды мектепке шақырып, оларға жағдай жасауымыз керек. Колледждер мен жоғары оқу орындарында осы мамандық бойынша бағалауды қайта қарайтын боламыз. Тиісті тапсырманы береміз. Университеттер бұл жұмысты бастап кетті”, – деді министр.

– Тұңғыш рет еліміз бойынша ұйымдастырылған съезд барысындағы түрлі тақырыптардағы талқылауларда ең бастысы бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлау мәселесіне ерекше назар аударылды. Жоғары оқу орны мұғалімдердің кәсіби өсуі процесінде тәлімгер және көмекші ретінде әрекет етуі тиіс.

Осыған орай мен біздің студенттердің министрліктің бастамасымен өткізетін WorldSkills чемпионаттарына қатысуы қажеттілігіне назар аударып, отандық жоғары оқу орындары мектеп мұғалімдерінің ғылыми жобаларын, авторлық бағдарламаларын жазуда ғылыми жетекшілер тағайындауын ұсындым. Біздің академия “Мектеп-колледж-ЖОО” консорциумын құруға қатысу үшін мықты профессорлық-педагогикалық құрамға ие.

Дана Саламатовна АСАКАЕВА,
“Bolashaq” академиясының
“Психология,
педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі”
кафедрасының меңгерушісі, педагогика
ғылымдарының кандидаты, Қарағанды қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий