Қазақ тілі сабағында студенттердің құзыреттіліктерін қалыптастыру жолдары

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басының, сондай-ақ қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын, шығармашылыққа бейім, бәсекеге қабілетті, құзыретті маман дайындау, жан-жақты білімді  тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Құзіреттілік  дегеніміз – студенттің  алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық проблемаларды шешу үшін қолдана алу қабілеттілігі.      
     

Сабақ қызықты да тартымды өту үшін құзыреттілік тапсырмалардың рөлі өте жоғары. Студенттердің білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін толық пайдалану  және сабақ барысында алған білімдерін тәжірибеде, яғни сабақ барысында жаттығу орындауда қолдану дағдыларын  қалыптастыру үшін құзыреттілік тапсырмаларды пайдалану  тиімді. Қазақ тілі сабақтарында құзыреттілік тапсырмалар  арқылы студенттерді  тәрбиелеу жұмыстарын төрт бағытта  жүргізген дұрыс.

Бірінші бағыт – құзыреттілік тапсырмалар арқылы білім алушылардың интеллектуалдық қабілеттерін, логикалық ойлауын тәрбиелеу. Екінші бағыт – оқыту үрдісінде халық педагогикасының мол мұрағаттарын пайданалана отырып, адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіру. Үшінші бағыт – түрлі суреттерді пайдалана отырып, білім алушыларға эстетикалық тәрбие беру арқылы олардың жеке тұлғалық қабілеттерін, жат нәрседен бойын аулақ салуға тәрбиелеу.

Төртінші бағыт – студенттердің сөздерді орынды қолдану дағдыларын жетілдіре отырып, сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.  Жеке іс-тәжірибемде студенттердің  құзыреттіліктерін қалыптастыру мен дамыту жолдарын қарастырамын. «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Кәсіптік қазақ тілі»  пәндері бойынша құзыреттілікке бағдарланған тапсырмаларды қолданып жүрмін, осыған қатысты қазақ тілін оқытуда өзім қолданатын бірқатар тапсырмалардан мысал келтірейін. Тамақ  өнеркәсібі  саласындағы кәсіби қазақ  тілі  сабағында тіл ұстарту  мақсатында әртүрлі  ақпаратты пайдаланып,  сипаттау,  дыбыстау  мәтіндерін  құрастыру өте пайдалы.

Жұмыс жоспары  бойынша  қарастырылған «Дастарқан жабдықтау. Кәсіби сөздер» тақырыбын өткенде келесі тапсырма  үлгісін  орындауды ұсынамын. 1226000 – «Тамақтандыру өндірісі тағамдарының технологиясы және оны ұйымдастыру» мамандығына оқитын студенттер болашақ мамандықтарына байланысты сулықтарды бүктеу әдісін білу керек. Осыған орай берілетін тапсырма мынадай: бейнематериалда  «Веер»  сулығын бүктеу әдісі көрсетіледі,студентке дыбыстау, сипаттауды ұсыну қажет.

Анықтама: Сулық (орыссалфетка)  тамақтану барысында ерінауыз және қол сүртуге арналған төртбұрышты  мата немесе қағаз тілімі. Осы  тапсырманы  орындау  үшін  арнайы пәндерден  алған теориялық  білімдерін  пайдаланады. 0402000 – Дизайн (профиль бойынша) мамандығының «Кәсіптік қазақ тілі» пәнінен «Акварель,оның түрлері» тақырыбы бойынша мынадай тапсырма түрлерін орындатуға болады.Мақсаты:Сөздерден түс атауларын шығару. Түс атауларын орыс тіліне аудару,олармен сөйлем құрастыру. 

Суық түстер: лызық, ақра, гілдіркө, оқрың, ұрс. Жылы түстер: лысаж, ырса, өкк, гінкүл, ғылтқыз. Құзыреттілікке бағдарланған жағдаяттық тапсырмалар білім алушылардың өмірлік дағдыларын дамытудың басты шарты. Мұндай тапсырмалар студенттің танымдық-қатысымдық қабілеттерін дамытады, өз ойын еркін айтуға, сөз мәдениетіне үйретеді. 0507000 «Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсетуді ұйымдастыру» мамандығы бойынша «Кәсіптік қазақ тілі» пәнінен «Телефонмен сөйлесу әдебі.

Қоңырау қабылдау» тақырыбына арналған жағдаяттық тапсырма.«Мейрамхана метрдотелі» Сіз мейрамхана метрдотелісіз, жұмысқа жаңа қызметкерді қабылдайсыз. Келесі күні жаңа қызметкер телефон арқылы тапсырыс алады.Клиент тапсырыс берілген тағамның құрамы туралы сұрағанда, қызметкер жағымсыз жауап береді. Клиент ашуланып, телефонға әкімшіні шақыртады. Сіз әкімші ретінде осы жағдайдан шығу үшін клиентке не ұсына аласыз? Жағдайды талқылап, айтатын сөзіңізді дайындаңыз.

Мұндай жағдайда қызметкерге қандай шаралар қолданады? Мейрамхана туралы пікірін өзгертпеу үшін,тұтынушыға не ұсына аласыз? Осы мамандыққа оқитын студенттерге мынадай жұмыс түрін ұсынуға болады. Берілген суреттерде даяшылардың қимыл тілі нені білдіреді? Суреттерді сипаттау. Даяшылардың қимыл тілі: Жест стряхивания ладонью с плеча (Уберите крошки). Прикладывает указательный палец к уху (Пожалуйста, повторите. Показывает метрдотелю, что он не расслышал, кто забронировал столик).

Сжатые в замок руки (Стол не готов. Показывает метрдотелю, что вечеринку стоит начать в баре, потому что стол еще не готов). Приложить ладонь правой руки к груди (Подойди ко мне. Показывает напарнику, что он здесь нужен). Рөлдік ойын –  бұл өмірлік  жағдайлардың белгілі бір мінез-құлық  немесе эмоционалдық жақтарын меңгеру  ниетінде алдын-ала бөлінген рөлдер арқылы қатысушы топтардың сахналап ойнауы.

Рөлдік ойындар шағын  топтарда (3-5 қатысушы) жүргізіледі. Қатысушылар  карточка арқылы (тақтада, қағаз парақтарда және тағы да басқалар) тапсырма алады, рөлдерді бөледі, жағдайды ойнайды және барлық топқа  ұсынады (көрсетеді). Рөлдік ойындар студенттердің болашақ мамандығының ерекшелігімен толығырақ танысуға да септігін тигізеді. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні,  І курс. «Жер планетасындағы қауіпті қалдықтар» бөліміндегі «Тұрмыстық қалдықтар» тақырыбы бойынша ақпаратпен танысқан соң, өткізілетін рөлдік ойын.

Эколог-маманмен сұхбат құру. Бір студент эколог-маман рөлінде ортаға шығады, қалған студенттер оған сұрақтар қояды. «Әдебиет» сабағында білім алушылардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін  мынадай әртүрлі  әдіс – тәсілдерді қолдануға болады: әңгімені өз ойларымен аяқтау; ақын, жазушылардың мәтіндерін басқаша аяқтау; белгілі мақал негізінде әңгіме жазғызу; мәтін бойынша мақал құрастыру; табиғат құбылыстарына, заттарға жұмбақтар құрастыру.

1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)» мамандығына оқитын студенттерге «Қазақ әдебиеті» пәнінен Кемелбаева Айгүл Жолдасбайқызының «Шашты» әңгімесін өткенде Блум таксономиясы бойынша берілген тапсырма. Білу: Әңгіме қалай басталады? Түсіну: Әңгіменің басты кейіпкеріне не болғанын әңгімелеңіз. Қолдану: Әңгімені толық оқып болған соң, оның немен аяқталатынын табыңыз.

Талдау: Бұл оқиға шын мәнінде болған ба, әлде жалған ба? Жинақтау: Болған оқиға туралы мәліметтерді фельетон түрінде жазыңыз. Салыстырмалы бағалау: Әңгіменің екі басты кейіпкерін салыстырыңыз. Қорыта айтқанда, қазақ тілі сабақтарында құзыреттілік тапсырмалар студенттердің  танымдық міндеттерін қалыптастырады, шығармашылық қабілеттері мен ынтасын арттырады.

Және сабаққа деген қызығушылықтарын ұштайды. Білім алушылардың заман талабына сай білім алуына, өзгермелі ортаға тез бейімделе отырып, өзіндік көзқарасын қалыптастыруға және өмірде аяғын нық басып, алдына мақсат қойып оны шешуге мүмкіндігі бар тұлғаны дамытуға жағдай туғызу – басты міндетіміз деп түсінемін.

Анар Тналиевна ХАСЕНОВА,
Жоғары техникалық колледждің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы,
Ақмола облысындағы Бурабай ауданының
Щучинск қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий