Тәлімгерліктің тәжірибелі тағылымы

«Тәлімгердің жас маманға әдістемелік көмегі қандай болуы керек?» тақырыбында ZOO платформасы бойынша жақында аудандық деңгейдегі  вебинар ұйымдастырылды. Бұл шараға облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Ғалым Төртбайұлы  аудандық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері  Маржан  Нусупова қатысып, сөз сөйледі.

Басты ұстаным – дәріс беретін жас мамандарға тәлімгерлер оқытудың әдістемелік ерекшеліктерімен таныстыру, аудандық вебинарда өз тәжірибесін ұсыну, педагогтерге әдістемелік көмек көрсетуге бағытталған. Жиын барысында жас маман тәлімгерлері  спикер  ретінде тәжірибелерімен  бөлісті. Білім беру мекемелеріндегі мектеп тәлімгерлігінің мақсаты жас мұғалімдерге кәсіби тұрғыдан тәжірибе жинақтауға көмектесу болып табылады.

Абай атындағы мектеп гимназиясының тәлімгері Малаева Аида негізінен жас  маманмен  жүргізілетін  жұмыстың  ережелеріне тоқталды. Тәлімгер өзіне  де  өзінің  жас  маманына да  мәлімет  беріп, жас  маманмен  алғашқы  кездесуі сауалнама алудан  басталғанын атап өтті. Сонымен  қатар  жас  маманды  мұғалімдердің  лауазымдық  міндетімен  таныстырып, кездесу  кезінен  және  сабақтарынан  көріністер  көрсете  отырып,  талдау  жұмыстарын  жасады.

М.Төлебаев атындағы орта мектебінің тәлімгері – Нуржекеева Асем  тәлімгерлікке  тағайындатын  мұғалім  мен  жас  мамандарға  толықтай  анықтама  бере  отырып, әрқайсының  міндетіне  тоқталып, нақты мысалдар  келтірді.  Ушинский орта мектебінің тәлімгері – Ибраева Гаухар жас  маманымен  бірінші  емес  екінші  жыл  тәлімгерлік  үдерістерін  жалғастырып  жатқанын  айтып,  өткен  оқу  жылындағы  тәлімгерлік  жұмысына  шығармашылық  есеп  беріп,  туындаған  мәселелерімен  әріптестерімен  бөлісті.

Тәлімгер өз  жұмысын  үш  этапқа (адаптация, жобалау және рефлексия)  жоспарлап, әрқайсына  жеке-жеке  тоқталды. Бірлік орта мектебінің тәлімгері – Турганбаева Раушан «Оқу-тәрбие  процесін ұйымдастырудың 2021-2022 оқу  жылындағы  ерекшеліктері туралы» ӘН хат, жұмысқа  пайдаланатын  нормативтік- құқықтық  құжаттарын  негізге  алынғанын, жас  маманға  тәлімгер  тарапынан  әдістемелік  көмек  көрсету  үшін өзара  сабаққа   қатысу  кестесіне  тоқталды.

Күнтізбелік-тақырыптық  жоспарды,  қысқа  мерзімді  жоспарды, тәрбие  жоспарларын құруда  әдістемелік  қолдау  көрсетіліп, оқытуда  қолданылатын  әдіс-тәсілдер  топтамасы жинақталып,  жас  маманға  өзінің  сабақтарында  тиімді  қолдану  жолдарын әңгімеледі. Спикерлер жұмыстарымен  таныстырып  болған  соң  әріптестер  және  облыстық оқу-әдістемелік орталығының әдіскерінің тарапынан  сұрақтар қойылды. Әрі маңызды мәселелерді тиімді шешудың жолдарын сарапқа салды.

Гульнар  МУХАМАДЬЯРОВА,
Жетісу  орта  мектебінің  тәлімгері,
педагог-зерттеуші, ӘБ жетекшісі,
мектеп тренері, Алматы  облысының
Сарқан  ауданы 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий