Зияткер қыздар финалда
Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қыздар командасы футзалдан аймақтық желілік спартакиада да екінші орынға ие болып, мамыр айының соңғы күндері Нұр-Сұлтан қаласында өтетін ақтық ойындарға жолдама алды, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.
Оқушылардың көктемгі демалыстарын тиімді пайдаланып, олардың спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-8 сынып оқушылары арасында футзалдан желілік аймақтық спартакиада өтті. Наурыз айының 24-26 күндері Көкшетау, Алматы, Ақтөбе, Тараз қалаларында бір мезетте ұйымдастырылған жарысқа ұлдар және қыздар командалары қатысты.
– Бұл спартакиадаға оқу жылының басынан әзірлендік. Алдымен мектепішілік жарыстар өтіп, көзге түскен ұл-қыздарымызды іріктеп, олардың жаттығуына мүмкіндік жасалды. Тіптен шеберліктерін сынап көру үшін бірнеше мәрте жолдастық кездесулер де ұйымдастырдық. Спартакиадаға келген әр команда мықты. Біз өз деңгейімізде өойын көрсете алдық деп ойлаймын, – дейді Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің денешынықтыру пәнінің мұғалімі, жаттықтырушы Нұржан Жақсыбаев.
Семейліктер «Шығыс» аймағы тобына түсіп, Өскемен, Павлодар, Талдықорған және Алматы қалаларындағы қос зияткерлік мектеп командаларымен күш сынасты. Өкінішке орай, ұлдарымыз жүлдеге іліге алмағанымен, қыздарымыз жақсы ойын көрсете отырып, финалға дейін жетті.Спартакиада барысында ерекше көзге түскен ойыншылардың бірі – Раушан Русланқызы. Мектебіміздің 7 сыныбында оқитын шәкірт спорттың қай түрінен болсын осал емес.
Загрузка...Дегенмен, ала допқа деген қызығушылығы алабөтен. Бес ойында қарсыластар қақпасына 13 гол соққан оны жанкүйерлер «Месси» атап кетті. Жарыста «Үздік шабуылшы» атанған Раушан енді өз командаластарымен жаттыға жүріп, алда өтетін ақтық ойындарда барын салмақшы.