Тәжірибе алмасу баршамызға ортақ іс
Аудандық білім бөлімінің ұйғарымымен біздің мектептегі педагог-зерттеуші ұстаздар «Формативті бағалаудың түрлері» тақырыбында арнайы онлайн семинар ұйымдастырды. Басты мақсат – мұғалімдер өз тәжірибелерінде қолданылатын формативті бағалаудың тиімді түрлерімен бөлісу, өзара тәжірибе алмасу және өзін-өзі дамытуды жетілдіруге бағытталған болатын.

Шараға аудан мұғалімдері белсене қатысып, сұрақтарын қойды және пікір алмасты. Бағалау үдерісі-бүгінгі оқыту мен оқудың маңызды элементтердің бірі. Оқу үдерісін басқарудың тиімділігі бағалауды дұрыс ұйымдастыруға байланысты. Оқытудың нәтижелерін бағалау үдерісі формативті және жиынтық бағалаудан тұрады. Формаивті бағалау мен оқыту біртұтас. Формативті бағалау-нәтиженің дамуы мен өсуіне тікелей әсер ететін үрдіс.
Сондықтан формативті бағалау-оқыту мен оқудың маңызды факторларының бірі. Қалыптастырушы бағалаудың ерекшеліктері – оқушының күнделікті білім сапасы, білім алудағы олқылықтарды күнделікті түзеу, оқушының қиындық тудыратын сұрақтарын анықтау және оны жою, оқушының бағалаудан алған жағымсыз әсерінің азаюы, психологиялық жайлы ортаның болуы, бағалаудың әділдігі, анықтылығы және ашықтығы, өзін-өзі бағалау дағдылары.

Формативті бағалау-сыныпта күнделікті жұмыс барысында жүргізілетін бағалау түрі және оқушылар үлгерімінің ағымдағы көрсеткіші болып табылады. Оқыту барысында оқушылар мен мұғалім арасындағы жедел өзара байланысты, оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және білім беру процесін жетілдіруге мүмкіндік береді. Формативті бағалауды қолдану тиімді оқытудың болмысы болып табылады, ол оқытуды оңтайландырудың күшті құралы бола алады.
Формативті бағалау күнделікті тәжірибеде қолданылады, оқудың алға басуын қамтамасыз етеді, мұғалімге сыныптың үлгерімін қадағалауға көмектеседі, оқуды қалыптастырушы, ынталандырушы функцияларды атқарады. Семинарға қазақ тілі мұғалімдері Қайыңбаева Динара, Сарсембина Лаура, Амиреева Гулян, ағылшын пәнінің ұстазы Мустафина Гульназ, орыс тілі пәнінің мұғалімі Халметова Гульназим, тарих пәні мұғалімі Күзембаева Дарагүл, музыка пәні мұғалімі Серикбаева Айман, еңбек пәні мұғалімі Дюсебекова Раушан ойларын ортаға салып, баяндама жасады.

Әр зеретеуші-педагог өз сабақтарында пайдаланып жүрген формативті бағалау түрлерін, суреттерін таныстырылымға түсіріп, аудан мұғалімдермен тәжірибе алмасты. Өз оқушыларымен өткен қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын көрсетті. Ондағы тапсырма дескрипторларын таныстырды. Өткен сабақтарының суреттерімен таныстырылымдарын өрнектеді.
Бахыткул Алтаевна КУСАИНОВА,
№164 жалпы білім беретін мектептің
директоры, Алматы қаласы, Алатау ауданы