Қостанайлық бастауыш сынып мұғалімдері бас қосты

Қостанай облысындағы бастауыш сынып мұғалімдерінің «Білімнің кілті – бастауышта» тақырыбындағы съезі ұйымдастырылды. Қостанай педагогикалық колледжінің фойесіндегі көрмеге аудан мен қала мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдерінің шығармашылық, креативтілік жұмыстары қойылды, – деп хабарлайды осы өңірдегі салалық құрылымның баспасөз қызметі.

Пленарлық отырыста «Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы» ММ басшысы Байменова З.А., А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің аға оқытушысы Кушмурзина Д.Х., Қостанай педагогикалық колледжі директорының орынбасары Жунусова К.С., «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша кәсіби даму институтының кафедра меңгерушісі Жусупова Г.С. ойларын жеткізді.

Помогайко Т.Б., «Лисаковск қаласы білім бөлімінің №6 жалпы білім беретін мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі, оқулық авторы 2 сыныпқа арналған «Жаратылыстану ОӘК» құрылымы жайлы толық ақпаратпен бөлісті. А.Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде құрастырылған «Жаңа «Әліппенің» сараптамадан өтуі жайын «Рудный қаласы» білім бөлімінің Б.Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ Нусипбекова Г.Ш. айтып өтті.

Съезд барысында бастауыш білім беру жүйесін дамыту бағыттары, бастауыш мектеп педагогтерінің кәсіби және жеке дамуы, мамандарды дайындау, мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу және бастауыш оқыту арасындағы сабақтастық және басқа сұрақтар талқыланды. Соңында, фасилитациялық сессия барысында оқу сауаттылығының жай-күйі талқыға салынды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий