Мотивация – білімгерлердің оқу іс-әрекетінің негізгі компоненті

Адам қоғамның ажырамас бөлігі болғандықтан, қоршаған ортамен тығыз байланыста болады, танып біледі, ақылына салады. Қоғамның мақсаты – өскелең ұрпақты тәрбиелеу, оның рухани бейнесін қалыптастыру, идеал мен құндылықтар шынайылығы, өмірдің шығармашылық қатынас саласындағы білім беру жүйесін кейінге қалдыруға болмайтын күрделі міндеттерін шешуден тұрады.

Білімгерлердің іс-әрекетінің негізгі түрі – оқу. Оқудың негізгі мақсаты – болашақ, өзіндік еңбек іс-әрекетіне даярлау, ал негізгі тәсілі – адамдардың бұдан бұрынғы еңбегімен жасалған мұраларының жинақталған нәтижесін меңгеру. Оқу іс-әрекеті арқылы білімгер өзінің психикалық үрдістерін басқара біледі, өз әрекеттері мен операциялар ұйымдастырылады және бағыттау ептілігін, шешілетін міндеттерге сәйкес дағдылар мен тәжірибе ептілігімен қаруланады.

Сонымен, оқу адамды еңбекке алдын-ала даярлайды. Оқу әрекетінің пәні – адам, өйткені, оқу әрекеті бұл әрқашан өзің үшін бір нәрсе жасау, өзіңді өзгерту. Оқу іс-әрекеті білім мен білікті өз бетінше игеру үшін өзіңнен рефлексияны қажет етеді. Оқу іс-әрекетінің нәтижесі оқу мотивіне байланысты анықталады. Ішкі мотивтер адамның қажеттіліктеріне байланысты, олар туа немесе жүре қалыптасуы мүмкін.

Оқу іс-әрекетіндегі мотивацияны қоғамдық талаптар айқындайды, өйткені, қоғам жастарға мәдениет қабылдаушысы, қоғам үшін маңызды саладағы болашақ маман ретінде қарайды. Мотивация ұғымы адамның нақты бір мақсатқа жетуге бағытталған талаптану жүйесімен түсіндіріледі. Мотивациялық жүріс-тұрыс «Адам нені қалайды?», «Ол неге ұмтылады?» деген сұрақтарына жауап береді. Адамның талабы әрқашан басым қажеттіліктердің жүзеге асуымен байланысты болады.

Адам тіршілік етуі, дамуы және жетілдіруі өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құралдар мен белсенділіктерді қажет етеді. Адам қажеттіліктері әр түрлі болады. Ішкі мотив – адамды өзінің мақсатына итермелейтін күш. Мәселен, білімге деген құштарлық, қызығушылық, мәдени деңгейін көтеруге ұмтылыс. Мұндай оқу жағдаяттары адамда ішкі конфликтті тудырмайды.

Білімгерлер болашақ маман иесі ретінде кәсіптеріне қажеттілікті сезініп, мамандықты игерген болса, олардың алғашында оқу орындарында теориялық білімді игеруге деген құлшынысы артып, кейін сол теорияны  тәжірибеде қолдануды мақсат етіп қояды және осы жолда жас маман есебінде психологиялық-педагогикалық шеберлігін танытып, іс-әрекетте өзінің бәсекеге қабілетті, ел болашағы жастардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға үлес қосатындығын дәлелдейді.

Сондықтан, мотивацияның өзі оқу іс-әрекетін жүзеге асыру барысында туындайтын жаңа құрылым. Осылайша, оқу іс-әрекетін қалыптастыру процесінде мотивация дамуы жағдайын оқып-білудің негізгі міндеті анықталды. Әдебиеттерге талдау жасау, оқу іс-әрекетін зерттеудің бағыты жеке адамның мотивациялық дамуының жағдайын жасау екендігін көрсетіп берді. Бұл – бірлескен оқу іс-әрекетін оқып-білу бағыты.

Сонымен, мотивация – білімгердің оқу іс-әрекетінің негізгі компоненті ретінде білім алу мен кәсіби маман ретінде даму жолында ерекше орынға ие. Қазіргі таңда мотивация психология ғылымындағы маңызды мәселелердің бірі. Өйткені, кез-келген іс-әрекеттің нәтижелі болуы мотивпен байланысты. Ол сыртқы немесе ішкі мотив болсын, адамды ынталандыратын, алға итермелейтін ерекше күш. Мотивациялық сферасы жақсы жетілген білімгер әрқашан жетістікке жетіп, сәтсіздіктерден қашпай, бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді.

Жаңабай БЕЙСЕНОВ,
Астана техника-экономикалық
колледжінің директоры,
Нұр-Сұлтан қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий