Мемлекеттің қамқорлығы мен қолдауын сезінудеміз

Еліміз тәуелсіздіктің ақ бесігінде тербелгелі отыз жылдан асып береді. Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды.  Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында күллі әлемге танымал, алып шаһарлардың бойынан бой көтердік. Тәуелсіздік бізге көп жетістік сыйлады.

Болашағынан үлкен үміт артып, зор сеніммен қарайтын кез келген мемлекет жеткіншек ұрпағының сапалы білім алып, тәлім-тәрбиесі мол азамат болып өсуіне ерекше мән береді. Бұл үдерістен қалыс қалмаған  жұртымыз тәуелсіздік жылдары ішінде білім беру саласында бірқатар реформаны жүзеге асырды. Тәуелсіздік алғаннан кейін білім мазмұнының нұсқалылығы жаңа форматта білім беру ұйымдарымен қамтамасыз етіле бастады.

Орта білім беру ұйымдарының желісі жеке мектептермен, лицейлер, гимназиялар, дарынды балаларға арналған арнаулы мектептер, үйірме секциялары мен спорттық нышандармен толықты. Барлық сыныптар білім берудің жаңартылған мазмұнына көшірілді. Осындай тәңірден жеткен тәтті сыйдың арқасында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасымен 2016 жылы Орал қаласы, Деркөл кентінде №48 жалпы орта білім беретін мектебі салынды.

Жаңа мектеп 2018 жылы пайдалануға берілді. Сол жылы мектептің ашылу салтанатына сол кезде облыс әкімі болған Алтай Көлгінов арнайы қатысты. Ғимараттың құрлысын «Алтим» ЖШС жүргізді. Жер көлемі 2,96888га, ғимарат ауданы-8478,7м құрайды. Оқытылу тілі – қазақша. Мектеп іші жарық, жылы. Барлығы заманауи үлгіде  жабдықталған. 2021-2022 оқу жылында білім алатын оқушы саны 1 мыңға жуық.

Оның ішінде мектепке жақын ауылдар мен саяжайлардан қатынап оқитын оқушы саны 324. Мектеп тасымалымен тасымалдайтын екі автобус белгіленген уақытта жауапты кезекшілік міндетімен апарады. Мектеп тегін ыссы тамақпен қамтылған 1-4 сынып оқушылар саны 418, әлеуметтік жағдайына байланысты жекелеген санаттағы 29 оқушы ыссы тамақпен қамтылады. Жалпы мұғалімдер саны 113, оның ішінде жоғарғы білімді 89 педагог, 24 арнаулы білімді.

Әрбір жаңа жылында дипломды жас мамандармен қатарымыз толығуда. Мектеп директоры А. Мусагалиев 2018 жылдан бері басшылық етіп келеді. Ұлы жазушы Мұхтар Омарқанұлы Әуезов «Ұлт пен ұлтты,адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім», – деп тегін айтпаған. Білім мен тәрбиенің сарқылмас  кәусар бұлағының көзі мектепте. Тәуелсіздігіміз мәңгілік, білімді  шәкірттеріміз көп болғай!

А. ЖҰБАНОВА,
№48 жалпы орта білім беретін
мектептің аға тәлімгері, Батыс
Қазақстан облысы, Орал қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий