Білім саласындағы медиациялық қызметті жетілдірудің жолдары талқыланды

Жамбыл облысы әкімідігі білім басқармасы мен ішкі саясат басқармасының және ҚХА медиаторларының ұйымдастыруымен  «Білім саласындағы медиациялық қызметті жетілдірудің жолдары” тақырыбындағы облыстық «Formatted» семинары ұйымдастырылды. 

Халық бірлігін нығайту мен қоғамдық келісімді сақтау, медиация қағидаттарының негізінде жанжалды жағдайға қатысушыларды әлеуметтік оңалтуға және жанжалдардың алдын алуға ықпал ету, жас ұрпақты отансүйгіштікке, білім мен өзін жетілдіруге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға мемлекеттік орган өкілдері, аудан мен қала білім бөлімдерінің басшылары, медиаторлар қауымдастығының мүшелері және үкіметтік емес ұйымдар қатысты.

Басқосу барысында облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Талғат Жамалов, облыстық соттың судьясы Даулет Тасыбаев,  ішкі саясат басқармасындағы «Қоғамдық келісім» КММ медиация кабинетінің меңгерушісі Валентина Досыбиева, Клара Бұзаубакова, Асқар Қадырқұлов, Полина Ким, Абдурахман Зайнутдинов, Индира Спаналиева, Сая Қалабаева, Асем Жұмахан, Райхан Абиева медиация қызметін жетілдіру турасында пікірлерін білдіріп, баяндамаларын оқыды.

Сонымен қатар, семинар барысында «Медиациялық қызметті жетілдірудің жолдары» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. Аталған кітапта ЖОО, арнаулы орта, жалпы орта білім мекемелеріндегі  қызметтің ережесі, прициптері, мәселелері, құрылымдары мен іс-әрекет бағыттары жинақталған. Білім мекемелерінде туындаған кикілжіңдерді шешу барысында қылмыстық әрекетке жол бермеу, балалар мен жасөспірімдердің құқығын қорғау, отбасылық берекені сақтаудың негіздері берілген. Білім саласындағы медиация бұл заман талабы, когнитивті-корпаративтік негізде құрылған жаңа технологиялар, дауды реттеудің ең тиімді, әрі баламалы әдісі.

Диана Аралқызы ЖАНҰЗАҚ,
Жамбыл облыстық білім басқармасының
баспасөз хатшысы, Тараз қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий