Оразада адамның бойындағы асыл қасиеттері артып, күшейеді
Қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймын! Қасиетті айда ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын! Оразада адамның бойындағы бауырмалдық, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету сияқты асыл қасиеттері артып, күшейеді, – деп жазады ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Сондықтан бұл – береке-бірлікті, ырыс пен ынтымақты арттыратын ай. Баршаңызға күш-қуат, мықты денсаулық, сабыр, тыныштық пен қуаныш тілеймін. Рамазан айындағы ізгі ниеттеріміз қабыл болсын!, – деп қорытындылаған еліміздің бас педагогы кезекті жазбасының соңын.