Жақсылыққа сену үшін, оны жасаудан бастау керек

Жергілікті техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында жыл сайынғы «Облыстық волонтерлер форумы – 2022» ұйымдастырылды. Форумға волонтерлік бірлестіктер мен білім беру ұйымдарының студенттік белсенділері қатарынан 19 колледждің студенттері қатысты, – деп хабарлайды Қостанай облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Волонтерлер өз бірлестіктерінің жұмысын әртүрлі бағытта көрсетті: балалар мен аға буын адамдарына көмек көрсету; қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздік; мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға көмек көрсету; үздік волонтер күнделігі; ерікті құндылықтар. Форумның жеңімпаздары мен жүлдегерлері: «Үздік волонтерлік ұйым-2022»: 1 орын – «Қостанай ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК; 2 орын – «Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі» КМҚК; 3 орын – «Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» КМҚК.

«2022 жылдың үздік волонтері» – Подмарков Даниил, «Федоров ауылшаруашылығы колледжі» КМҚК студенті; Номинациялар: «Қоғамдық қызмет» – «Қостанай тұрмыстық қызмет көрсету колледжі» КМҚК; «Балаларға қамқорлық» -«Рудный музыкалық колледжі» КМҚК; «Қоршаған ортаны қорғау» – «Қостанай педагогикалық колледжі» КМҚК; «Аға буын адамдарына қамқорлық» – «Қазақстан агротехникалық колледжі» КМҚК; «Ерікті құндылықтар» – «Зерек» колледжі» мекемесі.

Форумды Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының ТжКБ әдістемелік кабинеті және «ЗЕРЕК» колледжі» ЖМ ұйымдастырды. Форумды өткізуге арналған алаң «Қостанай қаласының білім бөлімінің №17 жалпы білім беретін мектебі» КММ ұсынылды. Волонтерлік жасақтардың басшылары мен студенттеріне алдағы уақытта табыстар мен жетістіктер тілейміз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий