Ақмолалық ұстаз республикалық турнирде бірінші орынды жеңіп алды

Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде “Спорт жұлдыздары” журналының 15 жылдығына орай ұйымдастырылған тоғызқұмалақ, үстел теннисі, шағын футбол және асық ату мен бес асықтан республикалық турнир ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Спорттық шараға еліміздің 11 өңірінен бірінен-бірі өткен, нағыз үздік ұстаздар жиналды. Турнирдің мақсаты ұлттық ойын түрлерін дәріптеу арқылы салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.

Турнирдің ашылу салтанатына ҚР Асық ату федерациясының Президенті, қазақ күресінен қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы Жомарт Сабыржанов, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, дене шынықтыру кафедрасының меңгерушісі, қазақ күресінен тұңғыш еңбек сіңірген жаттықтырушы, қазақ күресі федерациясының тұңғыш Президенті, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Ерғали Мұхиддинов қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Турнирдің қорытындысы бойынша Ақмола облысы, Зеренді ауданына қарасты Шағалалы ауылының жалпы білім беретін мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гульнафис Кажигалиева бес асықтан жүлделі 1-орынды иеленді.

Сонымен қатар, Гульнафис Башариновна «Білім нұры» журналының редакция алқасының шешімімен «Үздік музыка пәні мұғалімі» төсбелгісімен марапатталды. Құттықтаймыз! Жеңісті күндер көп болғай!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий