Жолдау – 2022: Қоғамның қозғаушы күші

ҚР Президенті ел Конституциясында нақтыланған  мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға ретінде жыл сайын барша отандастарымыздың алдында республикамызды ілгері дамытуға бағытталған Жолдау арнайтындығы баршамызға белгілі.

Биылғы наурыз айының ортасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қос палатаның бірлескен отырысында, Қазақстан xалқына «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты кезекті Жолдауын жариялады. Жолдау халыққа расында серпіліс, сенім сыйлады. Президент өз Жолдауында елімізді күтіп тұрған өзгерістерге тоқталып, жақын арада жүзеге асырылатын саяси реформалар мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттерін іске асыруға бағытталған жоспарларымен таныстырды.

Парламенттің рөлін күшейтіп, сайлау жүйесіне қатысты нақты өзгерістерді атап өтті. Мемлекет басшысының барлық бастамалары өзекті. Енді жаңа Қазақстанның жаңару мен жаңғыру жолында бәріміз аянбай еңбек етуіміз керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының барша отандастарымызға арнаған кезекті Жолдауы – ел тарихындағы ерекше бастамаларға, оңды өзгерістерге толы кезеңнің бастауы болғаны даусыз.  

Мен, Президенттің қазақстандықтарға айтқан өмір сүру сапасын арттыру және ел ішіндегі тұрақтандыру идеяларын қолдаймын. Ұлттың бірлігі – еліміздің табысты болуының басты факторы. “Келісім қайда болса, бақыт та сонда”, – дегенді байырғы бабаларымыз бекерге айтпаған. Біздің күшіміз – бірлікте! Осы қиын сәтте елге үміт отын ұялатқан Жолдау қоғамның қозғаушы күші ретінде жедел іске асып, болашағымыз жарқын, еліміз аман,  жұртымыз тыныш болсын!

Адамбай Хасенұлы МУСТАФИН,
Нұра ауданындағы білім қызметкерлері
кәсіподақ ұйымының төрағасы, Қарағанды облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий