Ұлттық ойындар – халық мұрасы

«Алматы облыстық білім, ғылым және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ және Кербұлақ аудандық филиалының жанынан құрылған жастар Кеңесі «Ұлттық ойындар – халық мұрасы» атты жарыс ұйымдастырды, – деп хабарлайды осы өңірдегі қоғамдық ұйымның баспасөз қызметі.

Оған аудандық, қалалық филиалдардан 10 команда қатысуға өтініш білдірді. Шараның алғашқы күнінде жарысқа қатысушы жас ұстаздар Шиірбай атаның және Ш. Уәлихановтың зиратына барып, рухтарына құран бағыштап, Шанханай ауылындағы Ш.Уәлиханов атындағы «Алтынемел» меморалды музейін аралады. Кешқұрым жас педагогтар Ә.Сарыбаев атындағы мәдениет үйінің әншілері мен бишілері дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалады.

Ал, екінші күні жарысқа қатысушылар Сарыөзек ауылындағы спорт кешеніне жиналды. Шараның ашылу салтанатына Кербұлақ ауданының әкімі Ғалиасқар Сарыбаев қатысып, жас ұстаздарға жылы лебізін білдірді. Наурыз мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған шарада облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Мэлс Төлепбергенов сөз алып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Әділқазы алқасы мен әр кезеңді жүргізетін төрешілер құрамыи таныстырылып, Қазақстан Республикасының Гимні орындалды. Барлық команда алдымен өздерін таныстырып, өнерлерін көрсетті. Одан кейін командадағы палуандар «Бұқа тартыс», «Қазақша күрес» спорт түрлерінен күштерін сынады. Соныен қатар, «Асық ату», «Ат ерттеу-ердің ісі» кезеңдерінде жігіттер мергендіктері мен жылдамдықтарын көрсетті. Ал, «Бес тас» кезеңінде қыздар өзара бақтарын сынады.

Әділқазы алқасы мұғалімдердің өнерін бағалап, жеңімпаздарды анықтады. Шараны облыстық ұйымның төрағасы Мэлс Төлепбергенов пен Кербұлақ аудандық филиалының төрағасы Жақан Дуанаев қорытындылап, әр кезеңнің жеңімпаздарын марапаттады. Командалық есепте жүзден жүйрік деп танылып, І орынды Текелі қаласының, ІІ орынды Еңбекшіқазақ ауданының, ІІІ орынды Панфилов ауданының командалары иеленді.

Жеңімпаздарға облыстық ұйымның атынан дипломдар, Кербұлақ аудандық филиалдың есебінен қаржылай сыйақы табыс етілді. Шара соңында Күреңбел өңірінің өнерпаздары өнерлерін көрсетіп, көпшілікке жақсы көңіл-күй сыйлады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий