Ақпараттық қолдау күшейді

Қоғам дамуының қазіргі сатысында мерзімді баспасөз және электронды ақпарат құралдарының маңызды міндеті – тәуелсіз  мемлекетіміздің ішкі және сыртқы  саясатын білікті саралай білу, еліміздің әр саласында болып жатқан өзгерістерді халық санасына ізгі дәнін себу.

Ахмет Байтұрсынұлы: «Газет – халықтың  көзі,  құлағы һәм тілі» деген сөзін ескерсек, газет халықпен бірге болуы керек. Жұртшылыққа   ақпарат беруші,  елдің сауатын ашушы құрал. «Дала уалаятынан» бастап ілгері дамыған бұқаралық ақпарат құралдарының бірі ретінде республикалық деңгейдегі білімділік, қоғамдық –саяси газетінің алар орны ерекше.

Білім және ғылым министрлігінің қпараттық қолдауымен жарық көріп, білім саласының  жаңалықтарын жария етіп тұратын  жаңалықтың жаршысы десек артық  айтқандық емес. Сіздердің апталық педагогика саласының кәсіби жетістіктерін,  білім  саласындағы  үздіктердің  іс-тәжірибесін, озық  ғылыми  ойларды,  білім беру мекемелерінде болып  жатқан өзгерістерді насихаттап отыратын  бірден –бір  мұғалімдер қауымына  қажетті басылым.

Газет жаңартылған білім мазмұнының оқу үдерісіндегі жаңашылдығын, оқушы бойына мәдени және рухани құндылықтарды сіңірудің  тиімді жолдарын,  салауатты өмір салтын және де қоғамның дамуына қатысты  негізгі тақырыптарды  қамтиды.

Газеттің әрбір жаңа саны мен ақпараттық сайтынан отандық педагогтар  қауымдастығындағы жаңалықтармен жедел танысып отырамын. Бұл басылымды үзбей алып  отыруы  зиялы қауымға қажетті ақпарат көзі екендігінің нақты дәлелі.

Бақыт КҮДЕРИЕВА,
Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп
гимназиясының қазақ тілі мен
әдебиеті пәні мұғалімі, Жамбыл
облысының Байзақ ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий