Білім алушылардың шығармашылық белсенділіктерін дамыту
Ғылыми – техникалық үрдіс заманында білім беру жүйесінің алдында үлкен мақсаттар мен жаңа міндеттер тұр. Жас ұрпақты жан – жақты жетілген, ақыл – парасатты, ой – өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу – қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Ал, осы жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы орны ерекше. Өзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру — бұл ең алдымен халықаралық қатынастар кезінде айрықша рөл атқаратыны баршамызға аян. Тіл – халықпен бірге өмір сүріп дамиды.
Шет тілі сабағы білім алушыларды тек шет тілін жетік меңгертіп қана қоймай, жан-жақты болуға тәрбиелейді, ағылшын тілінің қыр-сырын ашып, кәсіби деңгейдегі қарым-қатынастың маңыздылығын үйренеді. Сондай-ақ, білімалушылардың ағылшын тілі пәніне деген оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, сөйлеу мәнерін қалыптастыру шығармашылық қойылымдар арқылы ықпал ету жoлдары бар.
Сабақ кезінде әрекеттерді монотонды қайталау оқуға деген қызығушылықты өлтіреді, балалар жаңалық ашу қуанышынан айырылады. Оқыту негізінен білім алушының логикалық ойлауын дамытуға бағытталған. Бұл көбіне жеке тұлғаның шығармашылық қырының дамуын тежей алады. Сондықтан шығармашылық белсенділікті дамыту мәселесінің шешімін іздеу өзекті болып табылады және жан-жақты қарастыруды қажет етеді.
«Өзін- өзі тану» гуманитарлық колледжіндегі ағылшын тілі оқытушылары жай ғана тілдерді меңгертумен ғана шектелей жалпы адамзаттық құндылықтарды дарыта отырып білім береді. студенттің өз қызметінің түрлері мен салаларының бағытын еркін таңдау (көркем, спорттық, экологиялық, гуманитарлық, ғылыми-зерттеу жəне тағы да басқа); жеке қызығушылықтарына, қажеттіліктері мен қабілетіне бағдар беру.
Студенттің өзін-өзі анықтау жəне өзін-өзі жүзеге асыру еркіндігіне (жауапкершілікті тəрбиелеу жəне өз еркіндігін басқа адамдардың бостандығымен ара қатынасы); оқыту, тəрбиелеу жəне дамыту бірлігі; практикалық-орныққан іс-əрекеттерге (когнитивтік, коммуникативтік, шығармашылық, бос уақытты ұйымдастыру) көп көңіл аударылады. Осындай бағыттарға негізделе отырып колледжімізде English learners’ talent show» іс-шарасы өткізілді.
Негізгі мақсаты – білім алушылардың мәдениетаралық құзіреттілігін, коммуникативтивтік дағдыларын дамыту. Конкурста 1 курс студенттері өз өнерлерін музыкалық таныстыру, мәнерлеп оқу, актерлық шеберлік, флешмоб. кезеңдері бойынша көрсетті. Байқауда студенттер өнерлерін көрсете отырып, ағылшын тілінде сөйлеу дағдысының жоғары деңгейде екендігін дәлелдеді.
Бұл жерде білім мен дарын бірігіп, білім алушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын артттыруға үлкен үлесін қосты деп айта аламыз. Қазір көптеген білім алушылар тілді коммуникативті оқыту және бірлесіп оқыту жақсы нәтиже беретіндігіне келіседі. Коммуникативті тілдік дайындық қарым-қатынасты қажет ететін өмірлік жағдайларға негізделген.
Қорыта айтқанда, ағылшын тілі мұғалімдері оқушылардың нақты өмірлік қарым-қатынасы, нақты әрекеттері және ауызша тілді қолданатындай ортаны құруы керек. Колледжде ұйымдастырылған іс-шаралар- болашақ мамандардың бойына рухани адамгершілік қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеуге, жалпыадамзаттық құндылықтарды, адамгершілік принциптері мен мұраттарды басшылыққа алатын тұлға қалыптастыруға негізделген.
Эльмира Алипбековна ЖУМАБАЕВА,
«Өзін-өзі тану» Адамның үйлесімді дамуы
гуманитарлық колледжінің ағылшын тілі
пәндері оқытушысы, Алматы қаласы