Шығармашылық жобалар байқауы

Дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы және қосымша білім берудің ғылыми-тәжірибелік орталығы тарапынан дарынды балаларды анықтауға және қолдауға бағытталған балалар мен жастардың бастамаларын дамытуға ықпал ету мақсатында «Менің Отаныма – менің бастамам» облыстық шығармашылық жобалар байқауы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Алматы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Байқауда жетісулық 41 оқушы бақ сынап, жүлделі бірінші орынмен марапатталған үздіктер республикалық кезеңге жолдама алды. «Жақсылық керуені» және «Отаным – қасиетті туған жерім», «Мен – Қазақстанның азаматымын» аталымдары бойынша бойынша Жамбыл ауданындағы Жас ұлан оқушылар үйінің атынан қатысқан Аймира Төлеухан, Ақбота Тұрлыбек, Амир Қожаев алғашқы үздіктер қатарынан көрінді.

«Менің ашық университетім», «Жаңғырту полюсі», «Киіз үй – ғаламның моделі» аталымдары бойынша Көксу ауданындағы өнер мектебінің шәкірттері Виктория Ким, Балауса Нұржан, Альмира Бұршақбаева бірінші орын алды. «Менің кіші Отаным» аталымы бойынша Қарасай ауданындағы А.С. Пушкин атындағы орта мектептің оқушысы Ақмаржан Ибадуллаева жеңімпаз танса, «Қазақстанның жеті кереметі» аталымындағы жүлдені Іле ауданындағы №39 гимназияның білімгері Нұрай Үсен иеленді.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» аталымындағы алғашқы қатардан Талдықорған қаласындағы оқушылар сарайының атынан қатысқан Айгерім Есімхан көрінсе, «Менің отбасым: сабақтастық, құндылықтар мен мағыналар» аталымындағы үздік ретінде Көксу ауданындағы Бесқайнар орта мектебінің оқушысы Лунара Қалел топ жарған болатын.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий