“Шаттық – 2022”: ашық шығармашылық байқау
Балалар мен жасөспірімдерге арналған «Шаттық – 2022» қалалық ашық шығармашылық мерейтойлық байқау елорданың қоғамдық және мәдени өмірінде бірегей жоба ретінде сенімді орнығып, жастар мен балалардың ірі мерекесіне және шығармашылық тұлғаның қалыптасуы мен дамуына әкелетін қоғамдық-саяси және жаппай-мәдени науқанға айнала білді, – деп хабарлайды осы шараны ұйымдастырушылардың баспасөз қызметі.

«Шаттық» – бұл Нұр-Сұлтан қаласы білім мекемелерінің үздік жас музыканттары, хореографтары, суретшілері мен техникалық дизайнерлерін және үздік ұстаздарын біріктіретін нағыз балалар жетістігінің шеберханасы. Жанрлардың өткізілу орындарында жеті күнге созылатын қызықты әрі тартысты байқау бағдарламасына бірдей старт беріледі. XV «Шаттық» байқауының қатысушылары өз өнерлерін төмендегі номинациялар бойынша көрсете алады.
«Вокал», «Хореография», «Аспапты музыка», «Театр», «Бейнелеу өнері», «Фотосурет», «Хор әні», «3Д-модельдеу». Байқауға тек жеке қатысушылар ғана емес, сонымен қатар 8-ден 18 жас аралығындағы шығармашылық ұжымдар өз өнерлерін шыңдай алады. Мерейтойлы «Шаттық 2022» байқауының жаңашылдығы елордалық оқушылардың «Тик-токқа» қатысуы болмақ, бұнда басты рөлде баланың өзі көрсетіліп, оның белсенді өмірлік ұстанымы, қоғамдағы әлеуметтік белсенділігі, әр түрлі саладағы өнері айқындалады.

Трендтік жаңашылдықтың мақсаты «Шаттықтың» жаңа қатысушыларының қозғалысын насиғаттау. Қабылданған құжаттардың нәтижесі бойынша «Шаттық 2022» байқауына 105 білім мекемесінен 4 мыңнан аса бала қатысып отыр. Байқаудың ұйымдастырылуы мен өткізілуін қосымша білім беру мекемелері жүзеге асыратын болады: М. Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайы, әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы, №1,2,3 Балалар музыка мектебі, №1,2 өнер мектебі, Балалар көркемсурет мектебі мен Техникалық шығармашылық орталығы.
Өнер және мәдениет саласының еңбек сіңірген қайраткерлері, театр, эстрада, балет жұлдыздары мен кәсіби суретші, фотографтардан құралған әділ әрі құзіретті қазылар қауымы елордалық білім мекемелерінің дарынды балаларын анықтап, үздіктердің үздігін таңдайтын болады. Жүлде ретінде алтын, күміс, қола статуэткалары ойнатылады, шығармашылық ұжымдар мен олардың жетекшілері қатысқандығы жайлы дипломмен марапатталады.
Байқаудың шарықтау шегі 2022 жылдың 30 сәуіріне жоспарланып отырған «Балалық шақ – назарда!» ұранымен өтетін Гала концерт болмақ. Гала-концерт Қазақстандағы Балалар жылына арналады. Концерт алтын, күміс, қола жүлде иегерлері мен дипломанттарының көркемдік деңгейі мен қатысушылардың шеберлігін танытатын болады. «Шаттық-2022» Гала-концертінің жарқын жаңашылдығы мен ерекшелігі жобаның еліміздің балалары басты спикер болатын ұрпақтардың ашық диалог алаңына түрленуі болмақ.
Загрузка...