“Talap” коммерциялық емес акционерлік қоғамының басшылығы маңызды кездесулерге қатысты
Елордамыздың төрінде Техникалық және Кәсіптік білім беру жүйесі бойынша «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Президенті Олжас Ордабаев пен Нұр – Сұлтан қаласының колледж директорларымен кездесу өтті. Елордада педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру, ТжКБ жүйесінің мазмұнын жаңарту, «Жас маман» жобасы, “WorldSkills Kazakhstan» Ұлттық чемпионатын өткізу бағыттары бойыгша мәселелер талқыланды, – деп хабарлайды осы мекеменің баспасөз қызметі.

ТжКБ институның бастамасымен «Talap» КЕАҚ орта білім берудің өзекті мәлелелері мен мақсаттарын басты назарға қойды. Колледж директоралрының кеір байланыс негізінде ТжКБ жүйесін жетілдіру және жұмыс сапасын арттыру бойынша проктикалық қадамдар жасалатын болады.
Елордалық колледждер оқу семинарлары мен біліктілікті арттыру курстарын («Astana Polytechnic» жоғарғы колледжі, көлік және коммуникациялар колледжі, технология колледжі, Казтұтынуодағы сауда-экономика колледжі ) ұйымдастырып өткізуге үлкен көмек көрсетеді.

Нұр-Сұлтан қаласындағы 7 колледже «Жас маман» жобасы негізінде студенттердің түрлі саладағы құзіреттіліктерін дамытуға мүмкіндік беретін жаңа құрал-жабдықтар сондай-ақ шығын материалдарымен жабдықталған құзіреттілік орталықтары ашылды.
Загрузка...«Talap» КЕАҚ оқу-әдістемелік бірлестігімен және орталықпен бірлесе отырып, ТжКБ ұйымдарына консультативтік – әдістемелік қолдау көрсету бойынша ауқымды жұмыстар жүргізді. Сонымен қатар, сіздердің қолдауларыңызбен оқу әдебиеттеріне сараптама жүргіздік, ТжКБ мамандары бойынша кадрлар дайындадық, кредиттік технология мен дуалды оқыту жүйесін енгізу тәжірбиесіне талдау жасадық, – деді «Talap» КЕАҚ Президенті Олжас Ордабаев.