Назарда құқықтың қорғалуы
Мақтаарал ауданында аймақтағы балалардың құқықтарын қорғау және аутодеструктивті мінез-құлыққа бейім балалармен жұмыс жасаудың ерекшеліктері бойынша арнайы семинар ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының баспасөз қызметі.

Шара барысында кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқытарын қорғау жөніндегі комиссия және ведомствоаралық жұмыстар туралы облыс әкімі аппаратының қоғамдық-саяси сала бөлімінің бас инспекторы, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі облыстық комиссиясының хатшысы Мекенхан Қырықбаев, облыстағы педагог-психологтардың жұмыстары мен озық тәжірибелер туралы білім беруді дамыту орталығының әдіскері Ғазиза Тлеубердиева.
Загрузка...Мақтаарал ауданындағы кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивтік мінез-құлықтың алдын алуы бойынша 2021-2022 оқу жылының алғашқы жарты жылдығында атқарған жұмыстарының есебі туралы жергілікті адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Муратбек Серикбаев, облыста балалардың құқықтарын қорғау саласында атқарылатын жұмыстар және нормативтік құқықтық актілер туралы облыстық адами әлеуетті әлеуетті дамыту басқармасының кәмелетке толмағандарды әлеуметтендіру бөлімінің басшысы Айгүл Қасымбекова баяндама жасады.