Amherst Colledge-ге шақырылған шетелдік кандидаттардың қатарында шымкенттік зияткер де бар

Шымкенттік физика-математика бағытындағы NIS мектебінің оқушысы Альбина Жамбулатова Amherst Colledge-ге шақырылған шетелдік кандидаттардың 7%-ы қатарында. Amherst College биылғы жылы шетелдік үміткерлердің тек 7 пайызын қабылдады. Қатаң іріктеуден Шымкент қаласының физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Альбина Жамбулатова өтті, – деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз қызметі.

 

Альбинаның жоғары академиялық жетістіктерін XXVII International Multidisciplinary Conférence мақалалар жинағында жарияланған зерттеу жұмысы растады. Өткен жылдың тамыз айында Гарвард университеті ұйымдастырып, қазақстандық екі оқушы ғана жолдама алған Нобель сыйлығының иегері, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы болған Генри Альфред Киссинджермен өткен онлайн кездесуге қатысқан.

Альбина қолданбалы математика факультетінде оқып, математикалық әлеуметтануға мамандануды жоспарлап отыр. Өзінің ғылыми мақаласында ол жаратылыстану саласындағы есептерді шешу үшін дифференциалдық теңдеулерді қалай қолдану керектігін зерттеді. Жетекшісі Инесия Михайловнамен бірге математиканы өмірде қолданудың жолдарын іздеуде. Amherst College АҚШ рейтингінде гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік үштіктің қатарына кіреді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий