“Kazakhstan Smart Space” халықаралық байқауы мәреге жақындады
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және адамның ғарышқа алғаш ұшуының 60 жылдығына арналған ғарыштық технологиялар және техника жөніндегі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және адамның ғарышқа алғаш ұшуының 60 жылдығына арналған ғарыштық технологиялар және техника жөніндегі “Kazakhstan Smart Space” халықаралық байқауы мәреге жақындады, – деп хабарлайды осы шараны ұйымдастырушылардың баспасөз қызметі.

Г.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде бүгін және ертең байқаудың финалдық кезеңі мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді. Финалға жарияланған аталымдар бойынша 92 жобалық команда таяп келді, оның ішінде: Макет – 26 жобалық команда. Қолданыстағы модель / бұйым / бейнеролик – 24 жобалық команда. Ғылыми-зерттеу жобасы – 31 жобалық команда. Сайыстар – 11 жобалық команда.
Байқауға Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының 7-22 жас аралығындағы колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері, мектеп және қосымша үйірмелердің оқушылары өздерінің оқытушыларымен және тәлімгерлерімен бірге қатысты. Байқау 2021 жылғы 16 желтоқсанда басталып, қазіргі уақытта финалға шыққандар тренингтерді, шеберлік сағаттарын, семинар-практикумдарды, Сарапшылар кеңесі мүшелерінің коучинг сессияларын қоса алғанда, оның барлық кезеңдерінен сүрінбей өтті.
2022 жылғы 11-15 наурыз аралығында тіркелген командалардың арасында финалдық турға қатысушыларды іріктеу өткізілді. Байқау үш жас санаты бойынша өтті: 1. қоса алғанда 12 жасқа дейін, оның ішінде “бала-ата-ана” отбасылық командалары 2. қоса алғанда 16 жасқа дейін, оның ішінде “бала – ата-ана” отбасылық командалары 3. шектеусіз 16 жастан жоғары.
Байқаудың мақсаты ҚР және басқа елдердің білім беру мекемелерінің оқушылары арасында ғарыштық техника және технологиялар саласындағы ғылыми және техникалық шығармашылықты танымал ету, халықаралық олимпиадалар мен конкурстарға қатысу үшін үздік жобалық командаларды іріктеу, ҚР және шетелде мектеп, колледж оқушыларының және студенттердің өзара тең дәрежелі коммуникацияларын қалыптастыру және дамыту.
Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне дипломдар, ақшалай сыйлықтар, естелік сыйлықтар, кәдесыйлар, Байқау әріптестері қатарындағы ЖОО-ға түсу үшін қосымша ұпайлар беріліп, барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталады.
Байқау аталымдарының тақырыптары: Халықаралық ғарыш станциясындағы ғылыми эксперименттер және зерттеулер: Өнеркәсіп пен қызметтер көрсетудің негізгі салаларына (тау-кен, мұнай-газ, металлургия, электр энергетикасы, телеком, автомобиль, т/ж және авиация көлігі, а/ш, қаржы, туризм және тағы да басқа), жасыл экономикаға, көміртегі қолдануды азайтуға және энергетиканы декарбонизациялауға арналған ғарыш техникасы мен технологияларының қолданбалы шешімдері.
Ғарыш техникасы, зерттеулер мен эксперименттерге арналған робот техникасы және интеллектке негізделген жүйелер, электроника және радиоэлектроника; Ғарыш техникасын, шағын ғарыш аппараттарын (ШҒА) және тасымалдағыш зымырандарды модельдеу және құрастыру; Ғарыш байланысына, навигацияға және ЖҚЗ-ға арналған ақпараттық технологиялар; Аэроғарыш өнеркәсібі кәсіпорындары мен ғарыш аппараттарын басқаруға арналған онтологиялық модельдеу және мультиагенттік технологиялар.
Байқоңыр ғарыш айлағының индустриялық-инновациялық және туризмдік әлеуетін дамыту салаларын қоса алғанда, Қазақстанның аэроғарыш саласының қолданысындағы және жаңа кәсіпорындарының тиімділігі мен кірістілігін арттыру үшін ӨМШТ әдіснамасы мен құралдары қолданылатын жобалар; Ғарыш техникасындағы 3D басып шығарудың аддитив технологиялары; Ғарыш аппараттарын және ғарыш саласының кәсіпорындарын басқаруға арналған жасанды интеллект және эмерджентті (ұжымдық) интеллект.
Ғарыш саласындағы таратылған тізілім IoT және блокчейн технологиялары; Астрономия / Астрофизика / Metaverse (Мета-ғалам) / VR (Virtual Reality) / AR (augmented reality) жобалары Ғарышты игеру саласындағы түрлі елдердің оқу орындарының халықаралық ынтымақтастығы жөніндегі PR-бейнероликтер. Байқаудың қазылар алқасы: Қазылар алқасының құрамына ғарыш техникасы мен технологиялары, технологиялық кәсіпкерлік және жастардың ғылыми-техникалық шығармашылығы саласындағы әріптес ұйымдар мен байқау демеушілерінен және байқау тақырыптары бойынша техникалық және бизнес-жобаларды бағалау тәжірибесі бар сарапшылар мен мамандар кіреді.
Загрузка...Kazakhstan Smart Space ұйымдастырушылары: ҚР ЦДИАӨМ Аэроғарыш комитетінің “Ғарыштық зерттеулер және технологиялардың ұлттық орталығы” АҚ; “Eurasian Space Ventures” ЖШС “Қазақстанның жобаларды басқару институты” ҚҚ. Байқау сайты www.kzsmart.space.