Құдайберген Жұбановтың ғылымдағы феномені
Профессор Қ.Жұбанов қазақ филологиясындағы ерекше құбылыс. Ол ғылымға 1920 жылдардың соңында келіп араласып, 30 жылдардың соңғы ширегіне дейін белсене араласқан ғұлама. Қ.Жұбанов көптеген батыс-шығыс тілдерін жетік меңгерген славян – герман, роман тілдерін еркін пайдаланған, ал шығыста араб – парсы, шағатай, моңғол тілдерін тәуір меңгерген. Оларды түркі тілдерімен салыстыра пайдалана білген, оған қоса академик Н. Я. Маррдың шәкірті есебінде грузин, қытай тілдерінің деректерін де өз зерттеулеріне қатыстыра зерттеген.
1932 жылдың соңында Ленинградтан аспирантура бітіріп келгеннен кейін ол қазақ тілі және жалпы тіл білімі кафедрасын басқарған, 1933 жылы мемлекеттік термин комиссиясының төрағасы болып тағайындалады, 1934 жылдан бастап СССР ҒА қазақ филиалының тіл, әдебиет секторын басқарған. Сонымен бірге өлкелік партия комитеті жанындағы марксизм-ленинизм институтында аударма жөнінде консультант болған және Қазақ ұлт мәдениетін зерттеуші ғылыми институттың ғылыми кеңісінің мүшесі және тілтану бөлімінің меңгерушісі болған.
Осы уақыттар ішінде ол тіл әдебиет, мәдениет, тарих, оның халық ағарту, қоғамтану, ұлттану салалары бойынша ізденістер жүргізген. Ал лингвистика мәселелерін ол сол кезде Одақта үстем болып тұрған Н.Я. Маррдың “Тіл туралы” жаңа ілімінің негізінде жалпы европалық деңгейде қарастырған. Алайда Қ.Жұбанов ҚазПИ-дің профессоры, Академияның тіл, әдебиет секторының меңгерушісі, халық ағарту комиссариатының коллегия мүшесі және сондағы методика программа секторының меңгерушісі, комиссариат жанында орнаған Мемлекет термин комиссиясының төрағасы бола жүріп, ол қазақ тіл білімінің практикалық мәселелерімен де мықтап шұғылданған.
Атап айтқанда Қ. Жұбанов қазақ тілін мектепте оқытуда тұңғыш мемлекеттік бағдарламасын жасаған, қазақ тілінің орталау және орта мектепке арналған екі бөлімді грамматикасын жасаған. Оның бірінші кітабы “Жалпы морфология” деген атпен 1936 жылы жарық көрген, ал 1937 жылы басылып шығуы тиісті екінші кітап синтаксис мәселелеріне арналған. Бірақ ол баспадан шығып үлгермей жатып цензурамен тәркіленген.
Терминкомның төрағасы ретінде Қ.Жұбанов ғаламат теориялық білгірлік және ғылыми ұйымдастырушылық қабілетін танытқан. 1935 жылдың мамыр айында өкіметтің қаулысымен Республика ағарту халық комиссариаты мәдениет қызметкерлерінің тұңғыш сьезін шақырады. Сьезд жұмысын ұйымдастырушы комитеттің төрағасы етіп профессор Қ. Жұбановты тағайындайды. Қ. Жұбанов осы сьезде а) қазақ тілінің мәдениетін көтеру жөнінде; Ә)қазақ мектептеріне арналған оқу құралдары мен оқулықтар жасау жөнінде және қазақ тілінің мемлекеттік терминдерін жасаудың принциптерін белгілеу мәселелері бойынша баяндамалар жасайды.
Сол сьезде Қ.Жұбанов ұсынған қазақ терминдерін жасаудың 10 тармақты принцептері бір ауыздан және өзгеріссіз қабылданады. Қазақ әдеби тілі күні бүгінге дейін осы принцепке негіздеп жасалған физика, математика, биология, химия, география, қоғамдық пәндер бойынша жасалып қалыптасқан терминдік атауларды мүлтіксіз дерлік іс-жүзінде қолданып келеді. Профессор Жұбанов еуропалық деңгейде білім алған тұңғыш профессионал лингвист болғандықтан тіл білімінің теориялық мәселелерін зерттеуде тек жеке қазақ тілтанымы аясында шектеліп қалмай, зерттеу обьектісін негізінен түркологиялық таным деңгейінде қарастыра отырып, ғылымның диапазонын (аумағын) жалпы тіл білімі аспектіліре шеңберінде пайымдаған.
Бұған оның 1934 жылы “Политехникалық мектеп” атты журналда “Қазақ тілінің ғылыми курсы жөнінен лекциялар” деген айдармен жарияланған еңбектері дәлел. “Қазақ тілінің фонетикасы дыбыс жүйесі” атты мақаласы 1935 жылы Қазақ ұлт мәдениетін зерттеуші ғылыми институттының “Еңбектер” деп аталатын жинақта жарық көрген. “К постоновке исследования истории фонетики казахского языка” атты еңбегі және СССР Ғылым академиясының қазақ филиалында лингвистика секторын басқара жүріп, әзірлеген “Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер” сериясы бойынша құнды еңбектері 1936 жылы жарық көрген болатын.
1) “Из истории порядка слов в казахском предложении. Выпуск 1; 2) “замети о вспомогательных и сложных глаголах” Выпуск 2; Осы сериясы 1937 жылы жарық көріге тиісті, бірақ цензура тәркілеп, шықпай қалған; 3) “О частях речи в казахском языке. Выпуск 3; 4) “Двойные слова синонимического типа” Выпуск 4; 5) “Возникновение фонематического различия глухих и звонких” Вып. 5. 6) “Подражательные слова как особые формы словообразования” Вып.6. 7) “Скотоведческие междометия казахов” Вып. 7. 8) “К природе и генезису залоговых форм в казахском языке”.
9 « Структура местоимении в казахском языке» Вып,9. 10 « Элементы кинетической сигнализации в женской речи казахов».Вып.10 атты туындылары айқын айғақ болады. Алайда Қ. Жұбанов 1937 жылы нақақ қараланып, “халық жауы» аталып кеткеннен кейін оның еңбектері ғылыми айналымға түскен жоқ. Арада 20 жылдай үзілістен кейін ақталған оның есімі қазақ филиологиясының жаңа ұрпақтары үшін тек қазақ тіл білімінің өкілі ретінде ғана таныс болып жатты.
Сонау 30 жылдардың орта шенінде ғалым түркологиялқ сипаттағы бірқыдыру еңбектерін неліктен орысша жазып жариялағанына ешкім мән бермеді. Ол еңбектердің мазмұны сарапталып таныл май-ақ жұртшылыққа «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» деген жалпы атпен ұсынылды. Бірақ,қайта жарияланған Қ. Жұбанов мұрасы түгел емес еді. Оның көптеген мақалалары мен кітаптары табылған жоқ. Ал қолжазба мұраларынан жинақтарға кіріп жатқаны бірлі жарым ғана.
Ал Қ. Жұбанов халық ағарту ісіне 1920 жылдардың соңғы ширегінде келіп араласты. Бұл кезде бүкіл кеңес елінде В.И. Лениннің өзі қолдаған түрік, әзірбайжан халықтары ынта бідірген жаңа латын әліпбесін жасау міндеті күн тәртібіне қойылды. Қ. Жұбанов осы латын жазуының белсенді насихатшыларының бірі болды. Бұл кезеңде совет мектебі жүйелі түрде бастауыш, орталау, орта оқу орындарына бөлініп, одан әрі халыққа жоғары білім беру үшін педагогикалық институттар мен университеттер ашу, академиялық ғылымдары дамыту, ұлттық ғылым тілін қалыптастыру міндеті тұрды.
Сол міндеттерді орындау жолында мол лингвистикалық дайындықпен келген Қ. Жұбанов жаңа жазуға негізделген қазақ тілінің әліппесін, емлесін, грамматикасын, терминалогиясын қалыптастыру ісіне белсенді араласты. Сонымен бірге қазақ тілін жоғары оқу орындарына және ғылыми-зерттеу мекемелеріне дербес пән етіп ұсыну үшін тілтанудың теориялық мәселелерін терең де, тиянақты зерделей бастады.
Бірақ оның ғұмыры қысқа болды. Аспирантураны бітіріп келген ол ҚазПИ қабырғасында, халық ағарту жүйесінде небәрі 5-ақ жыл еңбек етті. Алайда біз ғұламаның сол аз уақытта жазып қалдырған терең ториялық әрі практикалық мұраларын әлі күнге түгел тауып, тексеріп болған жоқпыз. Біздің мақсатымыз – ересек ғалым атамыздың рухани танымдарын барынша қамтып, жан-жақты түсіне білу.
Профессор Қ. Жұбанов ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтың қайтыс болуына байланыста, 1934 жылы “Абай- қазақ әдебиетінің классигі” деген мақала жариялады. Бұл мақалаларда айтылған қағидалардың қазақ әдеби тілі мен қазақ әдебиетін зерттеу үшін аса зор тарихи ролі, маңызы болды. Егер ол кездегі Абай турасындағы, оның творчествосын бағалау жайындағы айтыс-таластар мен көзқарастарды еске алсақ, бір алуан пікір иелері Абайды, оның творчествосының бұрынғы үстем тапқа телігені, енді бір алуаны Абайдың әдеби мұрасын халыққа тән деп бағалағаны, ал енді бір алуаны оған әрі-сәрі қарағаны мәлім болатын-ды.
Дәл сол кезде қазақтың халық әдебиеті мен Абайдың көзқарасы қандай болғандығын,ақынның одан қандай нәр алғандығын, Абайдың шығыс әдебиетіне қатысын,оның несіне назар аударып,несінен безінгенің, (озат) орыс әдебиетінің, оныіүлгісін түсініп,одан ақынның қандай үлгі-өнеге алғанын тарихи жағынан толық сипаттап ғылыми жолмен дәлелдеген, Абайды қазақ әдебиетінің ескі жұртынан да, «ислам мәдениетінің кірлі көрпесінен» де сілкініп шыққан, қазақ әдебиетін «бос сөзділіктен» тазартып, жаңа бағытқа салып, қазақ мәдениетін жаңа соны жолға түсірген ақын деп танып, оның (Абайдың) тарихи қызметін ең алғашқы рет дұрыс бағалаған профессор Қ.Жұбанов болды.
«Төнкеріс және қазақтың ұлт тілі» (1936 жылы)атты мақаласыда ғалым-публицист қазақ тілінің тұтастығын,біркелкілігін сөз еткенде, тіліміздің бұл қасиеті қазақ халқының ішкі –сыртқы жағдайларымен байланысты ертерек,яғни ХIV-ХVIII ғ.аралығында қалыптасқанын айтады.Бұдан біз Қ.Жұбанов тек лингвист тілші ғана емес,кең тынысты филолог-шығыстанушы деген ой түйеміз. Келесі бір орны бөлек дүние ол – «Қазақ музыкасындағы күй жанрының пайда болуы жөнінен» атты тіл мен тарих деректері негізінде жазылған еңбек.
Мұнда автор музыка терминдерінің (домбыра, қобыз жәна тағы да басқа) этималогиясын, яғни түп төркінін ашып беріп отырады. Көптеген сол кездегі оқымыстылардың музыка саласындағы еңбектеріндегі пікірлерінің біреуін қостап отырса, екінші біреуіне қарсы дау айтып отырады.Зерттеу тек қазақ мәдениеті ғана емес,басқа да көптеген сахарауи халықтардың рухани ой-өрісін ашып береді.Профессор Жұбановтың артына қалдырған мол мұраларына шағын талдау жасау арқылы біз оның ұлт руханиятындағы орнын, ғылым әлеміндегі феномен екенін танимыз.
Мұхтар МИРОВ,
Қ Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік
университетіндегі «Жұбановтану» ғылыми
зерттеу орталығының жетекшісі, филология
ғылымдарының, кандидаты, доцент