Ақмола облысында тарих мұғалімдерінің форумы ұйымдастырылды

Ақмола облысында облыстық мұғалімдер форумын өткізу жақсы дәстүрге айналды. Тарих мұғалімдерінің облыстық форумы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың бастамасымен өткен еліміздегі тұңғыш тарих педагогтары съезінің жалғасы іспеттес, – деп хабарлайды осы аймақтағы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіповтың қатысуымен болған тарих пәні мұғалімдерінің форумы Көкшетау қаласындағы Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының базасында өтті.

Форумның мақсаты облыс мұғалімдеріне республикалық съезд отырысында қойылған мақсаттар мен шешімдерді жеткізу, жаңа әдістер мен тәсілдерді енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру болып табылады. Форумға облыстың үш жүзден астам педагогы қатысты.

Бейбіт Айтымұлы өз сөзінде педагогтарға облыстық деңгейде жұмыс тәжірибесін жинақтау және тарату бағытында жұмыс істеу қажеттігін атап өтті, себебі қазіргі заманғы мектептегі білім берудің басты міндеттерінің бірі оқушыларды тарихи білімнің үлкен көлемін тез қабылдауға және өңдеуге дайындау болып табылады және мұнда педагогтің құзыреттілігі, оның өз бетінше білім алу деңгейі шешуші рөл атқарады.

Сонымен қатар, Ақмола облысы білім басқармасының басшысы облыстық оқу-әдістемелік кабинетке тарих пәні мұғалімдері қауымдастығының жұмысын жандандыруды тапсырды.- Секция жұмысына қатысушылар тарихи білім беру мазмұнын дамытудың өзекті мәселелері мен перспективаларын анықтайтын бірқатар мәселелерді қарастырды. Пленарлық отырыста Зеренді ауданы Елікті ауылының жалпы білім беретін мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Нұргүл Белгібаева, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының тарих пәнінің мұғалімі Әдей Жайнагүл, Астрахан ауданы Петровка ауылының жалпы білім беретін мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Зарина Ищанова өз тәжірибелерімен бөлісті, – дейді форум ұйымдастырушылары.

Ш.Уәлиханов атындағы университеттің мектеп арасындағы ғылыми-зерттеу бағытындағы ынтымақтастық туралы “Отан тарихы және рухани жаңғыру” кафедрасының аға оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Ғалымтай Төлепбергенов айтып берді. Форум қорытындысы бойынша қатысушылар пікір алмасып, ұсыныстар қабылданды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий