Білім және ғылым министрлігі ашықтық пен азаматтардың өтініштеріне ден қою қағидаттарын ұстанады
Бірқатар БАҚ-та министрліктерге азаматтардан келіп түскен өтініштердің және оларға алынған жауаптардың саны туралы ақпарат жарияланды. Бұл жерде әңгіме 2012 жылдан бастап келіп түскен өтініштердің саны туралы болып отырғанын айта кеткен жөн, – деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұл ретте соңғы 3 жылда Білім және ғылым министрлігінде азаматтардың өтініштеріне жауап беру динамикасы өткен жылдармен салыстырғанда өзгеше, дәлірек айтсақ, оң көрсеткіш байқалады. Мысалы, 2019 жылы ведомствоға 3 401 өтініш түсті, оның 75-і жергілікті атқарушы органдарға (ЖАО) жіберілді. Өйткені жолданған сұрақтар әкімдіктердің бақылауында болды. Ал қалған барлық өтінішке жауап берілді.
2020 жылы 3 756 өтініш түсті, оның ішінде 52 өтініш ЖАО-ға қайта жолданды. Сондай-ақ қалған өтініштің барлығына жауап берілді. 2021 жылы блогқа 3 767 өтініш түсіп, оның барлығына жауап берілді. 2022 жылғы 1 қаңтар мен 31 наурыз аралығында министрлікке 698 өтініш түсті. Қазіргі күні 36 өтініш қаралып жатыр. Қалған барлық өтінішке жауап берілді.
Айта кетейік, Білім және ғылым министрлігі ашықтық пен азаматтардың өтініштеріне ден қою қағидаттарын ұстанады. Бұл өтініштерге берілген жауаптардың сапасын растайды. Осы критерий бойынша Білім және ғылым министрлігі үздік үштіктің қатарында.
Загрузка...